|    |  
16 желтоқсан 2018
17:55
қаз
Миллионерлер жайлы қызықты мәліметтер
16 наурыз, 09:51 273
Біздің ғаламторда миллионерлердің саны күн санап өсуде, шамамен 65 адам қосылады.



Миллионер болу үшін жоғары білім керек пе? Керек, бірақ міндетті деп саналмайды. Егер статистикаға сүйенетін болсақ, әрбір бесінші миллионер жоғары білім алмаған. Ал олардың тек 6% ғана доктор атағын алған.

Бизнес әлемінде бірден жолы болып кеткен миллионер жоқ. Барлығын қайтадан 4-5 мәрте бастаған жандар да бар.
Әлемдегі ең бай спорт менеджерлерінің бірі Американдық Дон Кинг бір күні дүкенге келіп, 64 000 долларға бірден 110 жұп аяқ киімдерін сатып алады. Бірақ бұл сирек кездесетін оқиға. АҚШ тың әлеуметтік сала қызметкерлері көп жағдайда миллионерлердің 140 доллардан артық бағаға аяқ киім алмайтындықтарын айтады.

Ал Карл Рабедер кедей отбасында дүниеге келген. Ол кішкентай күнінен бай болуды армандап, соған қол жеткізгенімен оның ешқандай бақыт әкелмейтіндігін ұғып, бар байлығын қайырымдылыққа аударып жіберген.

Джеймс Вилсон өзінің 84-ке таяп, егде тартқан жасында бірақ миллионер атанған. Қалай дейсіз бе? Лоторея ойындарының жалған екендігін туыстарына дәлелдемекші болып билет сатып алған оның бірден жолы болып кетеді. Бірден 256 миллион ұтып алады!
Сондай ақ өте сараң миллионерлер де кездеседі. Мәскеулік бай Гаврила Солодовников өзінің жұмыскерлеріне кешеден қалған быламықты беретін болған.

2 миллиард доллардан астам қаржысы бар әйгілі инвестор Николас Берггрюен үйсіз. Иә, оның тұрғылықты үйі жоқ. Зәулім сарайда жалғыз тұрудан жалыққан ол вилласын сатып, өзі саяхаттап, қонақ үйлерде түнейді.

Ал еркектердің көз жасына байыған да миллионер бар. Роджер Грей еркектер әйелдерге қарағанда сирек жылайтыны үшін қысқа өмір сүретінін дәлелдеп, еркектерге дұрыс жылауды үйрететін курс ашқан.

Ал қытайлық Чэнь Гуанбяо «ауадан» миллион ақша тапқан. Оның туған қаласы Пекиннің ауасы лас. Соны пайдаланып, ол таза ауа толтырылған құтылар сата бастаған. Ол мұны ақша табудың көзі деп емес, биліктегілерге экономикалық мәселелерді жеткізу деп біледі. Сол үшін табысының басым бөлігін қайырымдылыққа жұмсайды.
 
Дереккөз: http://i-fakt.ru


Жаңалықтар