Кербез
5 сәуір 15:56
Минералды суды қалай таңдау керек?
Минералды су кранның суынан немесе тазартылған судан айтарлықтай өзгешеленеді. Өйткені оның құрамында біздің ағзамызға қажетті көп мөлшердегі ерітілген тұз, түрлі микроэлементтер бар. Жақсы минералды суды тауып, дұрыс таңдай жасай білу жолдары туралы таныс болайық.


    
Дүкен сөрелерінде ас суының немесе минералды судың түрлі бөтелкесі тұрады. Алайда бұлардың қайсысын ішкен дұрыс?
 
Минералды су құрамындағы минералдардың мөлшеріне қарай да бөлінеді. Оның:
тығыздалған;
минералдың аз мөлшері қосылған;
аз мөлшерлеме негізіндегі;
құрамында жоғары мөлшерлі минералы бар түрлері кездеседі. 
Емдік қасиеті бар минералды судың бір литрінде 15 грамм мөлшерінде минералдар кездеседі. Мұндай суды тек қана дәрігердің нұсқауымен ішкен орынды.
 
Дүкенде сатылатын бөтелкедегі минералды судың өз кезегінде назар аударатын бірнеше жағдаяттары да бар.
 
Тауар өндіруші тарапынан мұндай сулардың сыртқы қаптамасында ұсақ әріптермен жазылған. Бөтелкедегі минералды судың өзі бірнеше түрге бөлінеді:
 
Минералды ас суы
 
Минералды ас суы өз құрамында аз мөлшердегі микроэлементтерден тұрады.
 
Ережеге сәйкес, бұл бір литр суға бір грамм мөлшерінде. Оның емдік қасиеті жоқ, алайда ас қорытуды жақсарту қасиетіне ие. Мұндай суды күніне үш литрге дейін шектеу қоймай тұтына беруге болады.
 
Тек қана есте сақтайтын бір мәселе – мұндай суларда тамақ дайындауға кеңес берілмейді, түбінде тұнбасы қалып қояды. Ас дайындауға қарапайым ішетін суды пайдалану керек.
 
Ас суының ең танымалы ретінде «Моршинск», «Трускавецьк» және «Миргородск» өндірушілерін атауға болады. 
 
Емдік-ас суы

Емдік-ас суы бір литр су құрамында 10 грамм минералдан тұрады. Оны да шектеулі түрде қолдану керек. Профилактика ретінде күніне бір литр судан артық пайдаланбаған орынды.
 
Емдік-ас минералды суының құрамында темір, бор, йод секілді компоненттер кездеседі.
 
Сондай-ақ хлоридті, сульфадты, гидрокарбонатты, йодталған суларды да кездестіруге болады. Бұлардың әрқайсысын алып қарасаңыз да, денсаулықтағы кінәратты жоюға арналған.
 
Гидрокарбонатты су спортпен белсенді түрде шұғылданатын адамдарға, емшектегі балаларға және цистит кезінде өте пайдалы. Ол ас сөлі деңгейін төмендету қабілетіне ие. Мұндай судың танымал үлгісі – бөтелкедегі «Поляна квасова» минералды суы.
 
Хлоридті су қан қысымының жоғарылауы кезінде жақсы көмектеседі, ағзадағы зат алмасуды реттейді. Бәріне танымал «Миргородська» - Украина нарығындағы ең озық «өндірушілердің» бірі.
 
Сонымен қатар супермаркет сөрелерінде минералды судың «элиталы» түрлерін де кездестіре аласыз. Бұлар да денсаулыққа өте пайдалы.
 
Өттекті су. Мұндай су – қан құрамын қажетті оттегімен нәрлендіреді, бұл да зат алмасу үшін өте пайдалы. Оттекті суды іздеп табу сәл қиынға соғады, сыртқы қаптамасында оның бар екені көрсетіліп жазылады.
 
Күміс қосылған су. Зарарсыздандыру қабілетіне ие.
 
Йод қосылған су. Ағзада йод жетіспеушілігі байқалған адамдар үшін өте пайдалы. Йодталған су нарықта аса танымал – олардың қатарынан «Есентуки», «Нарзан» және «Боржоми» сулары маңызды орын алады.
 
Осылайша, әр түрлілікті байқай отырып, өздігіңізден дүкенге барғанда, қандай минералды суға назар аудару қажеттілігін біле аласыз. Ең бастысы, өндірушіге деген сенім болуы тиіс.

Дереккөз: hochu.ua

Комментарии




Яндекс.Метрика