12 Декабрь
06:50
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
4 наурыз 11:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Министрлік қызметкері жалақысының көптігіне шағымданған


Кипрдің энергетика, ауыл шаруашылығы мен туризм министрлігінің қызметкері президентке өзіне шамадан тыс жалақы берілетіндігіне шағымдана отырып хат жолдады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Хатында Мариоса Друшиотис соңғы жылдары ешқандай жұмыс істемегенін келтіре кеткен. Нақтылай кетсек, қызметкерге басшылық ешбір тапсырма бермеген, әрі ол да ештеңе тындырмаған. Бір жыл ішінде оның қолынан бірде бір құжат өтпеген.
Шенеунік өзінің жоғары жалақы алатын қызметкерлер санатына жататынын мәлімдеген. Франс пресс агенттігінің хабарлауынша, Кипрде осындай деңгейдегі қызметкердің айлық жалақысы 5 мың еуро екен, алайда елдегі орташа жалақы бір жарым мың еуродан аспайды.
Друшиотис ештеңе тындырмайтын болғандықтан, жұмысқа келудің өзі артық деп санайды, өйткені ол кеңседе болмаса жылыту және электр қуатын үнемдеуге болады екен.
Әзірге президент баспасөз қызметі хатқа орай жауап бермеген, ал министрлік басшылығы Друшиотистің лауазымы маңызды деп мәлім етті.
 
​ҚазАқпарат
нравится:    671
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии