20 Ноябрь
13:55
Астана: -1 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Кербез
1 наурыз 11:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Мінсіз котлет құпиясы, немесе сүт пен бөлке нанды немен алмастырса болады
Котлет үлпілдек және жұмсақ болу үшін оның ішіне әдетте сүтке малынған бөлке нанды қосады. Бірақ басқа да әдістер бар.

Котлетті қалай дәмді етіп дайындауға болады

Картоп

Котлет үлпілдек, әрі жұмсақ болу үшін пісірілген немесе езілген бұқтырылған картопты қосыңыз. Картопты әдетте тартылған етті дайындау барысында сүт пен бөлке нанды қосатын кезде қосу қажет.

Сұлы үлпегі

Дене сымбатына қатаң қадағалайтындарға мінсіз нұсқа. Жылдам дайындалатын сұлы үлпегінің бірнеше қасығына суық су құйып, бұқтырып  қоюға болады, ол біршама ісінген кезде тартылған етке араластырыңыз. Осыдан кейін бастысы – жақсылап араластыру қажет, әйтпесе котлеттер сұлы ботқасы қосылғандай шығуы мүмкін. Егер тартылған ет жақсы араластырылған болса, сұлы үлпектері котлеттерді үлпілдек етеді.

Май

Тартылған етіңізге бөлке нан немесе өзге қоспалар болу-болмауына қарамастан, котлет ортасына салынған шай қасықпен жарты қасық сары май оны шырынды және жұмсақ етеді. Бұл майсыз тартылған еттен жасалған котлеттерге қатысты, әсіресе олар қуырмай, духовкада пісірілетін болса. Осылайша дайындалған үй котлеттері балаларға да, күйеулеріңізге де ұнайды, бастысы – дене сымбатына еш зиян келтірмейді – аз мөлшердегі сары май кез келген диетада әйел ағзасына пайдалы болады.
нравится:    1888
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии