11 Декабрь
07:57
Астана: -13 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Әлем жаңалықтары
4 маусым 15:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

“Мистер Қазақстан” байқауының жеңімпазы қуаныштан көзіне жас алды
Алматыда “Мистер Қазақтсан-2015″ байқауының финалы өтті. 18 жастағы Байрам Исмайылов байқау жеңімпазы атанды.



Іс-шара 3 маусымда сағат кешкі 20:00-де алматылық Panorama клубында өтті. Жеңімпазға сыйлық ретінде Нью-Йоркке жолдама ұсынылды. Бұдан өзге 1 миллион теңге мен Муз-ТВ премиясына қонақ ретінде шақырту алған Байрам Исмайылов көзіне еріксіз жас алды. Азамат өз жеңісін анасына арнады. Ол анасын Нью-Йоркті аралатуға армандап келген екен.





Екінші орын 25 жастағы Мақсат Жақыпқа бұйырды. 



Ал үшінші орынды 23 жастағы Евгений Круподер иеленді.



Байқауға әр түрлі маман иелері қатысқан. Олардың арасында 18-25 жас аралығындағы жас режиссерлер, модельдер, әртістер мен спортшылар бар. Шарт бойынша олардың бойы 175-190 см, ал салмағы – 60-80 кг болуы тиіс. Ал қатысушылардың ұлтына қатысты ешқандай шектеу қойлмайды.



Ұйымдастырушы Сабина Әбдіқұлованың айтуынша, байқау мақсаты – Қазақстанда дарынды, жан-жақты әрі сымбатты жігіттердің баршылық екенін көрсету. Байқау үш кезеңнен құралды: “Таныстыру”, “Дефиле”, “Ұлттық костюмдер” және “Интеллектуалдық”.






Сабина бұл байқау қатысушылардың қабілеттерін арттырып, халықаралық байқауларға жол ашады деп сенеді. Ол “Мистер Қазақстан” байқауы жігіттердің сән әлемінде өз орындарын табуына септігін тигізеді деп есептейді.


Дереккөзі: nur.kz
нравится:    641
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии