19 Август
13:07
Астана: 19 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Авто
28 шілде 10:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Mitsubishi Motors АҚШ-тағы өндірісін тоқтатады
Жапондық Mitsubishi Motors компаниясы АҚШ-тағы көлік өндірісін тоқтататыны туралы ресми мәлімдеді. Концерн қараша айына қарай Иллинойс штатындағы зауыттың жұмысын тоқтатып, оны Жапонияға көшірмек. Mitsubishi көліктері Америкада 1988 жылдан бастап шығарыла бастады.



2000-жылдары аталған зауыт жылына 200 мыңнан астам көлік өндірген. Бірақ былтырғы сатылымның төмендегеніне байланысты 70 мың көлік ғана шығарылды. Енді компания 1200-ден астам қызметкер жұмыс істейтін зауытты сатып алатын бизнесмендер іздеуге мәжбүр. ТетсуроАйкава, Mitsubishi Motors Corporation президенті: - Біз АҚШ-тағы зауытты ұстап тұру экономикалық жағынан тиімсіз деген шешімге келдік. Компания Жапониядан шығатын көліктерді экспорттаудың бизнес-моделін өзгертеді. Зауытты сату туралы келіссөздерді әлі бастаған жоқпыз. Бірақ жақын арада сатып алушыны іздейтініміз анық.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    641
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии