|    |  
14 қараша 2018
03:24
қаз
Миы өлген әйел дені сау бала туды
05 мамыр, 16:58 739
Небраска штатында миы өлген әйел дені сау бала туды.


Британиялық Mirror басылымының мәліметінше, екінші рет құрсақ көтерген Карла Перес кенеттен көп қан жоғалтып, ауруханаға жатқызылады. Алайда дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмайды.
22 жастағы келіншектің миы тіршілігін тоқтатып, жан тапсырған. Бірақ іштегі сәбидің өмірін сақтап қалуға бар күшін салған ақ халаттылар кеудесінде жүрегі соғып тұрған әйелді арнайы апаратқа қосады. Миы өлген келіншек мұндай күйде 54 күн жатады. Сөйтіп сәуірдің 4-де балаға 7 ай толып, жетілгенде ота жасалып, салмағы 970 грамм ұл дүниеге келген.


 
Теги: Денсаулық
Жаңалықтар