20 Август
07:54
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
10 желтоқсан 15:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Мобильді құлдықтан» құтылғыңыз келсе...
Қазақстанда алғаш рет нөміріңді ауыстырмай басқа операторға көшуге мүмкіндік беретін технология 2016 жылдың басында іске қосылатындығы  жаздан бері айтылып келе жатқан мәселелердің бірі.



Бұл технологияның халықаралық атауы MNP (Mobile Number Portability). MNP  - өзінің он мәнді нөмірін, соның ішінде аталмыш DEF-кодын (777, 701 және т.б.) толық сақтай отырып, ұялы операторын ауыстыруды білдіреді. Әзірше көптеген абоненттер өз операторының қызметімен немесе бағасымен қанағаттанбауына қарамастан, өз мобильді нөмірін сақтап қала алмағандықтан, басқа операторға ауыса алмайды. Сондықтан бұл қызметтің ендірілуін «мобильді құлдықтың» жойылуы деп атайды.
Енді осыны қарапайым тілмен түсіндірсек. егер адам «Kсell» секілді мобильді оператор қызметін пайдаланып жүрсе, бірақ «Beeline» операторына ауысқысы келсе, онда оған басқа «сим-карта» сатып алудың қажеті болмайды, сол өзі қолданып жүрген нөмірімен тегін ауысуына жол ашылады. Яғни, ол өтініш беріп, нөмірін ауыстырмастан-ақ кез келген компанияға, кез келген байланыс түріне ауысуына болады. «Мобильдік тәуелділіктен» құтылу қағидатының өзегі осы. Мұның бәрі тегін жүргізіледі. Міне, осылай...

Нақты дерек көздеріне қарағанда, MNP қызметін алғаш 1995 жылы Гонконг іске асырған екен, одан кейін Сингапур елі бұл үрдісті жалғастырған. Бүгінде әлемнің 70-тен аса елінде қолданылып отыр. Бұл жүйенің тиімділігі жоғары екендігін әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр, мәселен  Түркия аталған қызметті енгізгенге дейін тарифі қымбат елдердің бірі болатын, сосын MNP жүйесіне көшкеннен кейін  байланыс бағасы айтарлықтай түсті.
Жаңа жылдан бастап осы халықаралық жүйеге өтетін Қазақстанда  да байланыс бағасы айтарлықтай түседі деп болжануда...
 
Арнайы мамандардың айтуына қарағанда, елдегі барлық байланыс операторларының жаңа жүйеге көшуі отандастарымызға психологиялық жағынан тиімді болмақ. Өйткені олар өздері үйренген ескі нөмірін қалдыра отырып, прификсті де ауыстырмай бір оператордан келесі операторға оңай ауыса алады. Бұл елдегі байланыс жүйесінің сапасын арттыратыны сөзсіз.

 

Біздің байланыс компанияларымыз жаңа жүйеге көшуге қызу дайындық үстінде. Қазіргі кезде  «мобильдік құлдықтан» құтқару тетіктері да қарастырылып қойған. Мәселен, нөмерді ауыстыру қызметі ақысыз жүргізіледі. Бұл қызметті 60 күнтізбелік күнде бір рет пайдалана аласыз. Нөмерді ауыстыру үшін жеке куәлік және тиісті өтінішті толтырсаңыз болғаны.

Енді нөмерімізге тиімді тариф таңдау әдістеріне қарай ойыссақ. Қазақстанның байланыс компаниялары ұсынатын, өзара тиімді немесе жалпы тиімді тарифтер жетерлік... Тек өзіңізге тиімді тариф таңдай алсаңыз болғаны. Тарифты тиімді таңдау ең бірінші кезекте сіздің байланыс қызметіне жұмсайтын қаражатыңызды үнемдеудің басты кепілі болмақ. Сонымен қазақстандық байланыс операторлары қандай тарифтер ұсынып отыр соған қысқаша шолу жасасақ.

Beline
«Бәрі» 3 тарифтен тұратын топ
Тарифтік жоспарлаудың аймақтық тобы
Beeline мен ДОС нөмірлеріне қоңырау соғу құны
 1 тг/мин
ҚР-дағы басқа операторлар мен Қытайға соғылған қоңыраулар құны
 8 тг/мин
Жергілікті қоңыраулар

Beeline мен ДОС нөмірлеріне қоңырау соғу құны
1-минут
 8 тг/мин
 сөйлесудің 2-минутынан бастап соңына дейін
 1 тг/мин

ҚР бойынша барлық операторлар мен қалалық нөмірлерге соғылған қоңыраулар құны
 1-минут
 16 тг/мин
 сөйлесудің 2-минутынан бастап соңына дейін
 8 тг/мин

Аталған аймақтардан тыс жерлерде соғылған қоңыраулар құны
 Beeline мен ДОС нөмірлеріне
 8 тг/мин
 ҚР бойынша басқа операторлар мен қалалық нөмірлерге
 16 тг/мин

Толықырақ ақпараттармен мына жерден танысуға болады

Tele2

Үлкен
0 теңге желі ішіндегі қоңыраулар мен SMS-терге
0 теңге ҚР басқа операторларына қоңырау шалуға
0 теңге 18 Гб Интернет трафи
 
Керегi осы
0 теңге желі ішіндегі қоңыраулар мен SMS-терге
0 теңге ҚР басқа операторларына қоңырау шалуға
0 теңге 12 Гб Интернет трафикке
 
Одан да арзанырақ!
Бірінші минуттан желі ішінде
0 теңгеге, ҚР барлық бағыттарға 6 тг/мин сөйлес.
 
Бәрібір-2
Бірінші минуттан бастап барлық бағыттарға 5,9 теңгемен қоңырау шал және sms жібер. Ешқандай абоненттік төлемсіз

Толықырақ ақпараттармен мына жерден танысуға болады

Active

Алло, Қазақстан XS
1 190 минут Қазақстан бойынша желі ішінде және БАРЛЫҚ желілерге тәулік бойы 0 теңгемен!
6 ГБ айына (4 ГБ түнде, 2 ГБ күндіз)!
500 SMS желі ішінде!
Интернет-трафиктің 2 ГБ көлеміндегі Welcome бонус "Алло, Қазақстан Start, XS, S, M, L" тарифтік желісіне алғаш қосылған кезде осы тарифтік жоспар арқылы беріліп, 30 күн тәулік бойы жарамды болады. Алымен Welcome бонус, содан кейін интернеттің бонустық көлемі жұмсалады.

Алло, Қазақстан S
1 290 минут Қазақстан бойынша желі ішінде және БАРЛЫҚ желілерге тәулік бойы 0 теңгемен!
15 ГБ айына (10 ГБ түнде, 5 ГБ күндіз)!
500 SMS желі ішінде!Интернет-трафиктің 3 ГБ көлеміндегі Welcome бонус "Алло, Қазақстан Start, XS, S, M, L" тарифтік желісіне алғаш қосылған кезде осы тарифтік жоспар арқылы беріліп, 30 күн тәулік бойы жарамды болады. Алымен Welcome бонус, содан кейін интернеттің бонустық көлемі жұмсалады.

Толықырақ ақпараттармен мына жерден танысуға болады

Дереккөзі: reactor.inform.kz
нравится:    1258
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии