16 Декабрь
18:51
Астана: -14 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
26 қараша 16:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мөлдір Әуелбекова бұрыңғы продюсерімен түсініспей қалды
Мөлдір Әуелбекова мен оның бұрыңғы продюсері Баян Есентаева екеуі түсініспей қалды. Мөлдір Әуелбекова жақында қазақ басылымдарының біріне берген сұхбатында «Жолымды кесушілер бар екендігін жасырмаймын» деп айтқан болатын.




Бұл сұхбат Баян ханымның ашуын келтірсе керек.  Ол туралы продюсер ашық айтып тастады. Баян өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында Мөлдірге қаратып былай деді:
“Менің түсінбейтінім басқа қыздарда неге осындай мәселе жоқ? Жанар, Кәмшат, Айдана, Әнель және тағы басқалары. Мен таң қаламын. Мөлдірдің  «біреулер оған кедергі жасап жүргендігін» айтып жұмбақтап жүргеніне біраз уақыт болды. Ашық айтуың керек. Мен сенің әр сұқбатыңнан кейін өзімді жаман сезінемін. Сен ол адамды жақсы білесің... Жоқ әлде өзім шығып айтуым керек шығар. Кез келген сөз уәжді, дәлелді болуы тиіс!”, -деп жазады Баян Есентаева.



Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова  Баян Есентаева продюсерлік жасайтын “Кешью” тобынан кетіп, біраз уақыттан соң қайта оралған болатын. Бірақ араға көп уақыт салмай, ол топтан 2014 жылы екі түпкілікті кетіп қалды. Қазіргі кезде ол «Қазақстан» арнасының таңғы бағдарламасын жүргізіп жүр.

Авторы: Абай Айсара
нравится:    1620
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии