|    |  
11 желтоқсан 2018
07:24
қаз
Мөлдір Әуелбекова бұрынғы продюсерлерімен татуласқанын айтты
26 қараша, 10:55 67
Мөлдір Әуелбековамен бұрынғы продюсерлері Баян және Бағым Мақсатқыздарымен арасындағы дау мен өкпе-реніш бірнеше жылға созылған болатын. Продюсерлер мен әнші тіпті экран арқылы сұхбат беріп те, бір бірін көрмейтіндей күйге жеткендерін жеткізген еді. Алдағы 1 желтоқсан күні жеке концертін бергелі жатқан Мөлдір бұрынғы продюсерлеріне барып, кешірім сұрап, концертіне шақырғанын «Шыны керек» бағдарламасында айтты.



Менің өнердегі он бес жылымның жартысы Баян Мақсатқызы мен Бағым Мұхитденованың мектебінде өтті. Ол кісілер менің дауысымды қойып, образымды қалыптастырған адамдар.  Ол кісілер менің 1 желтоқсанда өтетін концертіме қолдап келсе менен бақытты шәкірт жоқ шығар. Бүгін Баян ханыммен кездестім. Шай ішіп, шүйіркелесіп, әңгімелесіп қайттық. Енді Бағым ханымға барамын. Арада қаншама жылдар өтті. Баян ханымның басынан да бірталай жағдайлар өтті. Уақыт өтті, өзгердік.Мен ол кісілерді қалай шақырмаймын? Шақыруға міндеттімін. Мен бақытты шәкіртпін. Қандай жағдай болмасын, араға қанша адам іріткі салса да мен ол кісілердің шәкіртімін. Сол себепті де менің ол кісілердің алдына баруым жаңалық емес. Осы жолы арнайы барып, шақыру билетін беріп келдім. Сондай уақыт келді ғой. Өкпе-реніш деген уақытша дүние ғой. Менің жасым кіші, жолым кіші. Тәкаппарланудың қажеті жоқ.
 
Дереккөз: Reactor
 


Жаңалықтар