13 Декабрь
09:44
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Мәдениет
8 қазан 10:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мөлдір Әуелбекова жаңа құрамдағы “Кешьюдің” өзіне мүлде ұнамайтынын айтты
Жас қыздардан құралған жаңа “Кешью” танымал әнші, топтың экс-солисі Мөлдір Әуелбековаға мүлдем ұнамайды екен.

Бұл туралы әнші «Ел аузында» бағдарламасында айтты. Топ мүшелері шырқап жүрген әндерге де Әуелбекованың көңілі толмайды.


«Қазіргі “Кешью” – жап-жас қыздар, дауыстары піспеген, олардың стилистикасы да басқа. Мен “Кешьюде”жүргенде  қазір өзім айтып жүргендей қазақы әндер болды, термелерді айттық. Ал қазіргі қыздардың киетін киімдері де бөлек», – деді әнші өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова “Кешью” тобынан кетіп, біраз уақыттан соң қайта оралған болатын. Бірақ араға көп уақыт салмай, ол топтан екінші рет кетіп қалды.

Айта кетерлігі, “Кешьюдің” жаңа құрамына көңілі толмайтынын топ жетекшісі Бағым Мұхитдинова да айтып кеткен еді. Танымал продюсердің пікірінше, жас қыздар әзірге үмітті ақтамады. Әңгіме барысында музыкалық продюсер “Кешьюдің” алтын құрамын  сағынған сыңай танытты.

«Қазіргі топты “Кешьюдің” бұрынғы құрамымен салыстыруға әлі ерте», – дейді продюсер.

Бағым Мұхитдинова тіпті жас “Кешью” бас “Кешьюге” жету үшін әлі біраз жұмыс жасау керектігін де айтып өтті.

Дереккөзі: nur.kz
нравится:    1339
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии