Мәдениет
23 шілде 10:21
Мөлдір Әуелбекова жарты жылдан соң продюсер болудан бас тартты
Мөлдір Әуелбекова жарты жылдан соң продюсер болудан бас тартты


Соңғы кездері әлеуметтік желілерде  Мөлдір Әуелбекова мен Индира Елеместің өзара келіспей қалғандығы туралы біраз әңгіме болған еді.

Кеше осы мәселеге байланысты Мөлдір мен Индира «Гакку» арнасына сұхбат берді деп жазады Baistars.kz.

Айтуларынша, енді олар бірге жұмыс жасамайды.

«Индирамен жұмыс жасап жатқанымызға жарты жылдан аса уақыт болды. Ол менің алғашқы жобам. Бірге көптеген жұмыс жасалды. Ұстаз ретінде маған ең алғашқы тәжірибе болды. Индира менің жанымда он жылдап жүруге міндетті емес. Ең бастысы, оған жол сілтедім, бәрін көрсеттім, көптеген адамдармен таныстырдым. Өзі де вокал, би сабақтарына барып үйренді. Мен өте қуаныштымын. Алда тек сәттілік тілеймін және ақылымды айтып жүруге дайынмын» , — деді Мөлдір Әуелбекова.

«Мөлдір менің алғашқы продюсерім болды және біраз жұмыс жасадық. Маған көп көмек берді. Сол үшін тек алғыс айтамын. Мен жұмысымды тоқтатқан жоқпын. Қазір бірнеше әндер жазылып жатыр. Сондай-ақ, біздің ортамызда ешқандай түсініспеушілік болған жоқ. Инстаграмнан да суреттер алынған жоқ. Оны менің парақшама кіріп көрулеріңізге болады. Бәрі жақсы», — деді өз кезегінде Индира.

Дереккөзі:nur.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика