13 Декабрь
02:00
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
22 маусым 09:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Моңғолия Үкіметі мен ЕАЭО арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
 Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия штаб-пәтерінде Моңғолия премьер-министрі Ч.Сайханбилэг пен Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Виктор Христенко Моңғолия Үкіметі мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады «Моңғолия дауысы».


 «Құжатқа Моңғолия мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту, өзара сауда-саттықтың тиімділігін арттыру, сауданың дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға бағытталған шараларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында қол қойылды. Осы меморандумды екіжақты ынтымақтастықтың бастауы ретінде санаған тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықта ілгерілеуге қол жеткізетініне сенімділік білдірді», делінген хабарламада. 

Премьер-министр Ч.Сайханбилэг құжатқа қол қою рәсімі кезінде меморандум мемлекетаралық қатынастарда тарифтік, тарифтік емес тосқауылдарды жою, сауда, кедендік қағидаларды жеңілдету, тиімді, сенімді, тұрақты көліктік бағыт пен қызмет көрсетуді қалыптастыру, сауда теңгерімділігін және сапалы өнім өндіру өсімін қамтамасыз ету мақсатында Моңғолия үкіметі мен ЕАЭО арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобын құруды көздейтінін атап өтті.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    623
Теги: Саясат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии