22 Октябрь
18:00
Астана: 2 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
15 шілде 11:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Моңғолияда селден кейін домбырасын құшақтап қалған бала желі қолданушыларының жүрегін тебірентті


Моңғолияда сел тасқынынан кейін қираған үйлердің арасында сынып қалған домбырасын ұстап отырған бала желі қолданушыларының жүрегін тебірентті. Бұл туралы журналист Берік Уәли өз парақшасында былай деп жазады: "Мына баланы танымаймын. Бірақ, менің бауырым ол. Өйткені, ол - Қазақ! Бүлдіршіннің домбырасы бүлініпті. Ішегі үзіліп, тиегі сыныпты. Бірақ, оның үміті үзілген жоқ. Арманына жетсін, он саусағынан өнер тамған күйші болсын деп домбыра атадым оған. Жігіттер жеткізіп берер. Бауырым, арманыңа жеткейсің!". 



Желі қолданушысы, журналист Нұрсерік Жолбарыс та бұл көрініске өз ойын жазды. "Домбырасы сынған қазақ баласы. Моңғолияның Баян Өлгий аймағындағы су тасқыны кезінде жүздеген үй қирап, тұрғындар баспанасыз қалды. Суреттегі балақайдың да отбасы үйсіз қалып, қолына енді алған домбырасы да апат кезінде сынған. Бұл көрініске бей-жай қарай алмаған отандастарымыз Өлгейдегі қазақтарға көмек қолын созып, қолынан келгенше жəрдем беруде. Ал, мына балаға белгілі журналист Берік Уəли мырза өз атынан арнайы домбыра сыйлайтын болды. Жырақта жүрген қандасымыз үшін Берік Уəлиұлының бұл сыйлығы үлкен демеу болары анық", - деп жазды ол.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
нравится:    1578
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии