24 Август
12:37
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
5 қазан 11:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Моңғолиядағы қандастарымыз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 тауға шықты





Моңғолияда тұратын қандасымыз, тәжірбиелі альпинист, дүниежүзіндегі ең биік шыңдарды бағындырып жүрген белгілі cпорт шебері Жанарбек Ақыбиұлының бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Моңғолиядағы ең биік деп саналатын 25 тауға шығуды акциясы ұйымдастырылған екен.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген бұл шара барасында ең соңғы 25 таудың шыңын бағындыруға Қазақстан азаматтары да қатысты. Естеріңізде болса, өткен аптада Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында халықаралық бүркітшілер сайысы өткен болатын. Осы сайысқа қатысқан қазақстандық құсбегілер акция барысында жоспарланған соңғы тауды Моңғолиядағы қандастармен бірге бағындырды.

Баян-Өлгей қаласынан 70 шақырымдай қашықтықта теңіз деңгейінен 4200 метрдей биікте жатқан Цамбагарав тауын бағындыруға екі елден 25 азамат аттанды. Олардың алды 60 жаста болса, ең кішісі 7 жасар жеткіншек. Жанарбек Ақыбидің жол көрсетуімен шың басына шыққан 25 адамның қатарында Баян-Өлгей аймағының әкімшілік құрамы толықтай болды десек қателеспеспіз.

«Атажұрттағы ағайынның қуанышына сүйініп, қиыншылығына күйініп отыратын азғана қазақ осы Моңғолиядағы қандастарыңыз. Тәуелсіз Қазақстанымыздың азаттығымен құттықтап, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жылы ілебізімізді білдіру үшін осы 25 тауға шығу акциясын қолға алған едік. Бүгін соның соңғы шыңына Атажұрттан келген азаматтармен бірге шыққанымызға қуаныштымыз. Бар қазақтың бір ғана қара шаңырағына айналған Қазақ елі мәңгі жасай берсін!» - дейді аймақтық құрылтай Төрағасы Бауыржан Дәлелұлы.

Алыстағы ағайынның Атажұртқа деген құрметті сыйы барша Алаш жұртын қуанышқа бөлеуде.

Естеріңізге сала кетейік, Жанарбек Ақыбиұлы бастаған қандастарымыз былтырғы жылы да Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Моңғолияда 550 тауды бағындырған болатын. Белгілі альпинистің бастамасы бүкіл әлемдегі қазақтардың қызу қолдауына ие болып, жүздеген адам өздерінің еліндегі ең биік тауларға шығып, фотосуреттерін әлеуметтік желіде арнайы ашылған парақшаға салған болатын.





Айдар Жанай
нравится:    1095
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Sidik2016-10-05 21:07:41
    Nagiz rukhti khabar