23 Август
19:45
Астана: 28 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
22 қыркүйек 09:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Моңғолияның түбіне алкоголь жететін түрі бар
Моңғолияда спиртті ішімдікке үйір болу адамдардың ерте өліміндегі екінші маңызды фактор болуға айналды. Бұл туралы AsiaRossia.Ru хабарлады.

Билл және Мелинда Гейтістер қоры аясында 188 елде жүргізілген зерттеу жұмыстары адамдарды өлімге итермелейтін негізгі факторларды анықтауға арналды.


Зерттеу зорлық-зомбылықтан келетін өлім-жітімнің 15-орында тұрғанын көрсетті. Ал нашақорлық пен алкогольден ажал құжатындар саны 7-орынға келіп тұр.

Егер XX ғасырдың соңында ең көп өлім аштықтан келген болса, қазір дұрыс тамақтанбау, яғни ауқаттанудың ережелерін сақтамау ең алдына шығыпты. Тәуекелшілдік жағынан екінші орынға қан қысымының көтеріңкі болуы факторы жайғасыпты.

Зерттеудің жетекші авторы Мохаммед Форузанфар пікірінше, дұрыс тамақтанбау мен гипертензияның салдарынан болатын өлімнің санын азайту қосымша қаржы төгуді керек етпейді. Бұл үшін «азық-түлік өнімдеріндегі натрийдің мөлшерін азайтып, тұздың орнына қолданылатын қоспаларды пайдаланса жетіп жатыр».

Айтқандай, Ресейде, Моңғолияда және Кореяда тұзға емес, алкогольге шектеу енгізуге тура келеді. Бұл елдерде спиртті ішімдіктер адам өлімін шақыратын екінші фактор болып отыр.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    887
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии