20 Октябрь
18:36
Астана: 8 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Кербез
27 қараша 18:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Моншақ пен сырға жасап үйренейік!
Оқырманымыз зергерлікті жаны сүйетін Орынбаева Айгүл. Бүгінде Айгүл әлі студент, десе де мамандығынан бөлек әшекейлер жасау хоббиіне айналған.

«Қызығушылығымның арқасында қалаған әшекейімді жасай аламын» дейді Айгүл. Сонымен қатар, келешекте зергерлік дүкенін ашқысы келеді екен. Ендеше, бойжеткен бастамасына сәттілік тілейік.

 Әшекей бұйым сәніңізді ашып, сұлуландыра түсетіні рас. Ол әйелдер қауымына әсемдік сыйлайтын нәзіктік символы іспеттес. Әрине, көрік берер көз тартар бұйымның кез-келген ару үшін бір-екеу болғаны жеткіліксіз. Осы тұрғыда өзіңіздің талғамыңызға сай етіп әр түрлі әшекей бұйымдар жасап үйреніңіз. Сапалы әрі тиімді бағада, оқырманымыз Айгүлмен бірге моншақ пен сырға жасап үйренейік!

 Керекті құрал-жабдықтар:

қалауыңызға қарай әр түрлі немесе бірдей түсті моншақтар;
арнайы жіп;
кескіш;
қысқыш;
сырғаға арналған арнайы ілгіш сымдар.

Әшекей жасау үшін:

1. Жіпке үш үлкен және бір кіші тасты өткізіңіз.
2. Жіптің екінші шетін соңғы өткізілген тастан қарама-қарсы бағытта өткізіп, осылай жалғастыра беріңіз.
3. Жұмыс соңында жіпті қатты түйіншіктеңіз, шешіліп кетпейтіндей болсын.
4. Үшінші қатардағы үлкен тастарды да алдыңғы қатардағыдай етіп өткізіңіз.
5. Әшекейдің екі шетін шынжырмен мойынға тағуға ыңғайлы етіп жалғаңыз, әшекей дайын.








Сырғаны жасау үшін:

Арнайы құлаққа ілетін ілмектер және тастарды өткізетін сымдар арқылы жасаңыз.


Дереккөзі: http://anabol.kz/
нравится:    3262
Теги: Хенд мейд,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии