25 Февраль
08:01
Астана: -23 °C
Алматы: -2 °C
USD/KZT: 319.65
EUR/KZT: 393.33
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.47
Кербез
10 ақпан 17:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Моншаның денсаулыққа пайдасы
Булы монша – адамдар жуыну, босаңсу және кей ауруды жеңілдету үшін баратын пеші бар бөлме. Моншаның адам денсаулығына пайдасы қандай?



Қан айналымын жақсартады
Моншаға бару адамдардың, соның ішінде жасы үлкен адамдардың жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартатындығы дәлелденген. 2012 жылғы зерттеу бойынша, моншадан алынатын ылғал жылу қылтамырлардың кеңеюіне ықпал жасап, соның себебінен қан айналым жақсаратындығы дәлелденген. Нәтижесінде қан ағза бойымен кедергісіз ағып, мүшелер мен жасушаларды оттекпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, буды ұнататын адамдардың қысымы төмендеп, жүректің функционалды жағдайы жақсаратындығы анықталған.

Терінің демалуы
Моншада немесе саунада жылудың әсерінен тер көп мөлшерде бөлінеді. Нәтижесінде, терінің төменгі қабатынан барлық ластықтар шығатын тесіктер ашылады. Сұйық конденсат ластықты жуып, өлген жасушаларды тері бетінен алып шығуға көмектеседі. Сондықтан да буды безеумен күресуде қолданады. Алайда моншада да, саунада да ағзадағы токсиндерді алып шығу мүмкін емес.

Жаттығудан кейінгі қалыпқа келу
Адамдар машықтанудан соң жиі бұлшықеттер ауруын сезінеді. Ол ағзаның жүктемеге қалыпты реакциясы. Бірақ бұлшықеттерді босаңсытып, олардың қалпына келуін қамтамасыз ету маңызды. Зерттеу бойынша, машықтанудан соң бірден жылы ауаның әсері оның ауруын азайтатындығы, бұлшықеттер тонусын сақтайтындығы және жүйке жүйесін тыныштандыратындығы дәлелденген.

Күйзелісті азайту
Жылы моншада болу эндорфиндердің (бақыт гормоны) түзілуіне ықпал етеді. Олар күйзелісті азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, моншада болу кортизол гормонының түзілуін азайтады. Ол күйзелісті жағдайға жауап ретінде бөлінетін гормон болып табылады. Сондықтан, моншадан соң адам өзін босаңсыған және жаңарған секілді сезінеді.

Мұрын қуысының ашылуы
Монша жылулығы дененің барлық шырышты қабығына өтеді, сондықтан моншада жеңіл әрі терең тыныс аласыз. Буда аз уақыт отырғанның өзі мұрынның бітелуін кетіреді. Сондықтан, моншаға барудың тұмауды емдеуге де көмегі тиеді.

Калория кетіру
Буға бару арқылы салмақ тастауға болатындығы дәлелденбегенмен, моншада калория кетіруге болады. Моншада жүрек ырғағы көтеріледі, ал егер машықтанудан соң барсаңыз, жиіленген жүрек соғысын тіптен ұзаққа сақтауға болады. Оған жоғары тер бөлінуді қоссаңыз, нәтижесінде калория жоғалтасыз. Алайда моншаға бару кезінде салмақ азаймайды, себебі моншада адам су салмағын ғана жоғалтады. Ал оны моншадан шыққан соң көп мөлшерде су ішу арқылы қайтадан қалпына келтіру қажет.

Моншада температура жоғары болғандықтан, кей адамдар тобына оған баруға болмайды:
- жүкті әйелдер;
- жүрек ауруы бар адамдар;
- гипертония (жоғары қан қысымы) немесе гипотониясы (артериялық қысымның төмендеуі) бар адамдар;
- қояншығы (ұстамалы ауру) бар адамдар;
- антибиотик қабылдап жүрген адамдар;
- психотроптық дәрілер қабылдап жүрген адамдар.

Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!


http://massaget.kz
нравится:    230
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии