|    |  
14 қараша 2018
13:49
қаз
Моншаның қандай пайдасы бар?
03 наурыз, 17:52 1037

«Денеміз жеңілдеп, тазарып қалады, демаламыз» деп,  бос уақытын моншаға арнайтын аруларымыздың, қыз-келіншектеріміздің қатары аз емес. Монша шынында пайдалы ма? Бізге жоғарыда айтылған ләззатты сыйлай ала ма? Онда барғанда қандай ережелерді есте ұстау керек? Бүгін осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көреміз.

Моншаның пайдасы:

*Әйелдер үшін терінің күтімі өте маңызды. Әсіресе бет терісі. Тональды крем, опа, румяна тері қуыстарын бітеп тастайды. Күнделікті үй жағдайындағы процедуралар арқылы біз тек беттің үстінгі қабатын ғана тазартамыз. Ал моншада олар кеңінен ашылып, сол арқылы қажетсіз нәрселер сыртқа шығады.

*Бу әсерінен ағза өз-өзін тазартуға кіріседі.

*Бір сөзбен айтқанда тері жұмсақ, нәзік күйге айналады.

*Тері жақсы тыныстап, жасарады.

*Моншаның жүйке жүйесіне де пайдасы мол.

*Бу және салқын душ қабылдау арқылы артық салмақтан арылуға болады.



Қаперіңізде жүрсін:

-Егер нағыз рахатты сезінгіңіз келсе, моншаға аптасына бір рет барып тұрыңыз;

-Барлық қажетті заттар өзіңіздікі болғаны дұрыс. Гигиеналық талаптар үшін.

-Бу бөлмесіне кірмес бұрын денеңізді қыздырып алыңыз.

-Және буға кірерде басыңызды міндетті түрде орап алыңыз. Ол бас пен шаштың саулығы үшін маңызды.

-Моншаға жұмыс күндері таңертеңгісін барған тиімді. Ол кездерде адам аз болады, бу бөлмесінде жатуыңызға да мүмкіндік аласыз.

-Буды ең бірінші қабылдағанда онда 5-7 минуттан артық болмаңыз. Тіпті, өзіңізді керемет сезініп отырсаңыз да. Ағза бірте-бірте үйренісуі қажет.

-Моншадан кейін шөп шай ішуге болады. Бүйректегі, қуықтағы қажетсіз нәрселердің шығуына оның да көмегі мол.

-Моншадан кейін салқын душ қабылдаңыз. Ол буындарға жақсы әсер етеді.

-Артынша денеңізге жақпа май жағып, бетіңізге маска жасаудың артықшылығы көп.

-Бу қабылдау арасында денеге массаж жасаңыз.

http://ikerim.kz/2017/02/02/monshanyn-kandai-paidasy-bar/
Теги: Денсаулық
Жаңалықтар