26 Сентябрь
00:49
Астана: -2 °C
Алматы: 4 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Әлем жаңалықтары
1 шілде 13:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Монтана штатында саябақта қыдырып жүрген адамды аю талап тастады (ВИДЕО)


АҚШ-тың солтүстік-батысындағы Монтана штатында орналасқан Глейшер ұлттық саябағында велосипедшіге гризли аюы тап берген. Ер адам алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлады Франс Пресс агенттігі.

Ер адам жолдасымен екеуі саябақта серуендеп жүрген. Олар, сірә, аюдың ашуына тисе керек. Екінші велосипедші зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына саябақ қызметкерлерін шақырған сол.

«Олар аюды үркіткен болуы керек, осыдан соң велосипедте отырған оған тап берген. Дәрігерлер ер адамның сол жерде жан тапсырғанын айтады», – деп хабарлады жергілікті полиция.

Агенттіктің айтуынша, Глейшер саябағында гризли аюының адамға шабуылдауы сирек болатын жәйт. Саябақ ашылған сонау 1910 жылдан бері мұндай он оқиға болыпты.

Гризли – кәдімгі қоңыр аюдың бір түрі. Оның дене тұрқы ірі келеді. Бұрындары гризли Аляскадан бастап Мексиканың солтүстігіне дейінгі аумақты мекендеп келді. Бүгінгі таңда олар тек Аляскада және Канаданың батысында мекендейді. АҚШ-тың бірқатар аймақтарында бірлі-екілі кездесіп жатады.

нравится:    714
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии