20 Август
15:48
Астана: 21 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
14 шілде 09:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мұғалім жасаған асықтың мүсіні мектеп алдына орнатылды


Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданының Мамырсу ауылындағы С.Ғаббасов атындағы орта мектептің алдына асықтардан әдемілеп жасалған асықтың кіші архитектуралық мүсіні қойылды. Ерекше туындыны аталған білім ошағының сурет пәнінің мұғалімі Қайрат Сыдықов жасаған. Асықтың астындағы тағаны бір метр. Оюланып өрнектелген. Ал асықтың өзінің көлеміне келсек ені 30, биіктігі 60 см. Мүсінді жасау үшін шамамен мыңнан аса асық жұмсалған. Жобаны іске асыруға 70 мың теңге қаражат кеткен. Асықтардан асық жасау туралы идеяның авторы - мектеп директоры Рифхат Дүйсекенов.
Осы мектепте оқып, бүгінгі күні қасиетті қара шаңырақта қызмет атқарып жүрген Қайрат Рахымжанұлы бұл туындысын «Туған жерге - тағзым» акциясы аясында білім ордасына тарту етті.
Мүсінші былтыр да мектеп алдына 100 мың теңге қаражат шығындап, тырнаның мүсінін жасаған болатын. Өз кезегінде шебер болашақта да тың жобалармен қуанта беретінін жеткізді.

Дереккөз: ҚазАқпарат
нравится:    696
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии