18 Август
03:27
Астана: 16 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
30 сәуір 14:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мүгедек досын мектепке күнде арқалап баратын қытайлық жұртты таң қалдырды
Қытайлық Чжань Чи атты жасөспірім бұлшық еттері тартылуы салдарынан жүре алмайды. Осыған қарамастан, ол мектептегі сабақтардан қалмайды.


Себебі оның Се Сюй атты ең жақын досы осымен 3 жыл бойы Чжаньді мектепке арқасына салып, апарып-әкеліп жүр деп хабарлайды 24.kz.

Мейірімі шексіз Се Сюйдің әрекеті мектептегі өзге оқушыларға үлгі болып, қазір олар оған еліктеп, өзгелерге жиі көмектесетін болыпты, деп жазады planet-today.ru.

Таяу арада мектептегі сабақ та бітеді. Ал елгезек Се өзге қаладағы оқу орнына түсу үшін құжат тапсырды. Жолы бола қалған жағдайда, ол өзінің туған қаласынан кетеді. Оның жан досы Чжань Чи болса, сонда қала бермек.

Қазірдің өзінде бұл жарымжан жігітке ауыр тиюі мүмкін екендігі байқалуда. Бірақ мамандар Чжань сенімді достың арқасында мектеп бағдарламасын игеріп алғандығының өзі біраз жетістік екендігін айтты.

Себебі Қытайдағы мүмкіндігі шектеулі 243 мың жасөспірімді қолдау жағы мәз емес екен.

Дереккөз: 24.kz
нравится:    760
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии