22 Август
15:04
Астана: 27 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
28 маусым 17:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мүгедек жолаушы ұшаққа еңбектеп мінуге мәжбүр болған
Жапонияда екі аяғы сал болып қалған азамат Vanilla Air әуе компаниясының ұшағына билет алған.


 
Ұшаққа міну үшін келгенде әуежай қызметкерлері компанияның мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдайтын мүмкіндігі жоқ екенін хабарлайды. Сол себепті ер адамның әуежайдан ұшаққа дейін еңбектеп баруына тура келген.
 
Кейінірек танысы көмекке келіп, оны көтеріп ұшаққа кіргізген. Ал қайтар жолда жолаушының жағдайы тіпті қиындапты. Компания қызметкерлері біреудің көмегіне жүгінуге де тыйым салып, мүгедек жанды 17 баспалдақтан еңбектеп түсуге мәжбүрлеген.


Оқиға бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін компания қызметкерлері жолаушыдан кешірім сұраған.
 
Дереккөз: РИА Новости
нравится:    152
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии