23 Август
17:56
Астана: 28 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Спорт
14 шілде 15:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мұхаммед Әлидің бокс қолғабы 1 млн долларға сатылуы мүмкін

Мұхаммед Әлидің Джо Фрейзерден жеңілген айқаста, «Жыл жекпе-жегі» атанған (1971 ж.) кездесуде киген бокс қолғабы 1 миллион доллардан астам бағаға сатылуы мүмкін.

Боксшы қолғабын Goldin Auctions сайты осылай бағалап отыр.

Ең төменгі мөлшердегі қолғап құны 250 мың доллар болған. «Мұндай қолғаптар (Мұхаммед Әлидің) миллиондарға сатылған. Және бұл Мұхаммед Әли қайтыс болғанша сатылған бағалар», - деді аукцион басшысы Кен Голдин Рейтер агенттігіне.

1971 жылдың наурыз айында Мұхаммед Әли алғаш рет Джо Фрейзерге қарсы рингке шықты. «Ринг» журналы бұл күресті «Жыл жекпе-жегі» деп атады. 15-раундта Мұхаммед Әли нокдаунға түсті, күрес аяқталғанда төрешілер оны жеңілді деп шешті. Бұл Мұхаммед Әли мансабындағы жалғыз жеңіліс.

Мұхаммед Әли 3 маусым күні 74 жасында АҚШ-та, Финикс ауруханаларының бірінде дүние салды. Джо Фрейзер 2011 жылдың 7 қарашасында Филадельфияда қайтыс болды.
нравится:    590
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии