|    |  
15 қараша 2018
09:06
қаз
Мұхаммед Пайғамбарды түрмеге отырғызбақ болған Мысыр министрі қызметінен босатылды
14 наурыз, 12:12 954


Мысыр елінің Әділет министрі Ахмед Зинд телеарналар эфирінің бірінде егер заңды бұзса, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзін түрмеге отырғызуға дайын екені туралы мәлімдеген. Бұл туралы Би-би-си хабарлайды.
Шенеунік сөзін айтқан соң, бірден: «Кешіре гөр, Алла» деп, келесі күні ресми түрде кешірім сұрады. Алайда Мысырдың премьер-министрі оны қызметінен босатты.
Мысырдың сот қауымдастығы осындай шешімге сын айтты. Олардың бірі бұл жай ғана сөз екенін, шенеунікті сол үшін қызметтен босату дұрыс болмағанын айтты. 
Мысырдың бұрынғы премьер-министрі өткен жылдың мамыр айында тек сыйлы ортадан шыққандар ғана судья бола алатынын, ал бұл жұмысқа лайықты еместерді қоқысшылардың балалары деген пікір айтқан соң қызметінен айырылды. 
Теги: Саясат
Жаңалықтар