|    |  
26 қаңтар 2020
13:15
қаз
​Мұқасан Шахзадаев: Нұрлан менің әкеме тіл тигізді
04 желтоқсан 2019, 11:05 1265
Біраз уақыт бұрын қазақ эстрадасындағы алғашқы дуэт болған «НұрМұқасан» тобы тарап кеткен болатын. Бірақ Нұрлан мен Мұқасанның не себепті екі жаққа кеткені бүгінге дейін айтылмай келіп еді. Мұқасан Шахзодаев «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат беріп, Нұрлан екеуінің араларында не болғанын айтып берді.



«Нұрлан екеуміздің арамызда ақшаға қатысты да әңгіме болған. Бірақ менкөп  дүниелерге көз жұмып жүрдім. Оның әкеме, өзіме тіл тигізген кездері бар. Әкемнен боқтаған жоқ, бірақ әкеме тіл тигізіп, сөйлеген жерлері бар. Менің көзімше емес. Басқа біреулерге. Мен соған ренжідім. Ол жерде ақша мен дүниенің ешқандай қатысы жоқ. Бұл енді өмір. Нұрланды мен беске білемін. Жанындағы жұбайынан артық білетін шығармын. Олар жиырма жыл отасса, біз 26-27 жыл бірге жүрдік. Жатақханадағы кездерден бастап бірге тұрдық, бірге ұйықтадық. Нұрлан о баста мұндай болған жоқ еді. Екеуміздің бөлек кетуіміздің де себебі сол. Мен бұрынғы Нұрланды таппай қалдым»-дейді әнші.
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар