Әлем жаңалықтары
30 маусым 11:38
Мумбай маңында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
Үндістанның батысындағы Мумбай маңында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. 



Оқиғаға куә болушылар жолаушылар пойызының авариясын видеоға түсіріп алған. Олардың мәліметінше, локоматив пен вагондардың бірі рельстен шығып кеткен. Қазіргі уақытта қозғалысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 



Орын алған апат салдарынан бес адам зардап шеккен, оның ішінде поезд машинисі. Апат орын алған бағытта бірнеше сағатқа қозғалысқа шектеу қойылды. Алдын-ала болжамдарға сәйкес, машинист мас күйінде поезді жүргізген деген болатын. Алайда оны медициналық сараптама қорытындысы жоққа шығарды.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Дереккөзі: дни.ру

Комментарии




Яндекс.Метрика