18 Август
03:23
Астана: 16 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Экономика
25 мамыр 15:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Мұнай бағасы 100 доллардан асатын заман қайтып оралмайды
Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумының «Өсудің жаңа үлгісін іздеу жолында» сессиясында Еуразиялық экономикалық комиссиясы Экономика және қаржы саясаты алқасының мүшесі Тимур Сүлейменов мәлім етті деп жазды ҚазАқпарат.


«Әлемде жаңа технологиялық тәртіптің қалыптасып жатқандығы айқын жайт және оның басты ерекшелігі экономиканың энергия қамтымдылығының төмендеуі, тиімділіктің артуы мен дәстүрлі энергия көздерінен шегіну болып отыр. Мұнай мен газдың әлемдік экономикада негізгі рөлді ойнауы жалғаса беретіндігі сөзсіз. Бірақ ол соңғы бірнеше онжылдықтағыдай маңызды рөлге ие бола алмайды. Біз бой үйретіп алған мұнайдың өте жоғары бағасы, 100 доллардан да жоғары болатын кезеңі қайта оралмауы мүмкін екендігін түсіну қажет. Бұл біздің елдеріміз жүргізуі тиіс эономикалық саясатта өз ізін қалдырады», – деді Т.Сүлейменов.

Оның айтуынша, бұл ретте экономикалық өсімге әкелетін құралдар топтамасы да көп. Тек ұлттық сипаттағы да құралдар бар. Олар: ұлттық бюджеттік-салық, ақша-несие, өнеркәсіптік, техникалық және басқа да саясаттар.

«Дегенмен, біздің көзқарасымызша, соңғы жылдары интеграциялық күн тәртібі де айтарлықтай ілгерілей түсті. Экономиканың одан ары өсімі жолдарын іздеуде біз тек қана ұлттық құралдар топтамасына арқа сүйеуіміз қажет. Біз жан-жағымызға, өзіміздің таяу көршілерімізге қарауға тиіспіз. Осы ретте Еуразиялық экономикалық одақты құру ағымдағы күн тәртібіндегі сын-қатерлерге жауаптардың бірі  және одан арғы экономикалық өсім үшін дайвер саналады», – деді ол.
нравится:    719
Теги: Мұнай,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии