|    |  
17 қараша 2018
07:27
қаз
Мұнай бағасы 11 жылда болмаған межеге дейін арзандады
22 желтоқсан, 10:21 814
​Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 36 доллар 35 центке дейін арзандап, соңғы 11 жылда болмаған межеге дейін түсті. АҚШ-та өндірілетін WTI маркалы мұнай бағасы 34 доллар 74 центке дейін арзандады. Бұл - соңғы жеті жылдағы ең төменгі көрсеткіштен сәл ғана жоғары.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы мұнай ұңғымаларының бірі. (Көрнекі сурет).

Мұнайдың кезекті рет арзандауына Солтүстік жартышарда ауа-райының салыстырмалы түрде жылы болып тұруынан жылыту үшін пайдаланылатын мұнайға деген сұраныстың азайғаны туралы мәлімет себеп болған.

Желтоқсанда Brent маркалы мұнай мұнай өндіру көлемі рекордтық деңгейге жуықтап, ал оған деген сұраныс азайғандықтан 19 пайызға арзандаған. Сарапшылары келесі жылдан бастап Иранның нарыққа мұнай шығара бастауы, Ливияның мұнай экспортын арттыруы және АҚШ-та мұнай экспортына салынған тыйымның жойылуынан мұнай бағасы бұдан ары арзандайды деп болжайды.

Дереккөзі: Азаттық
Жаңалықтар