12 Декабрь
02:44
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
15 желтоқсан 15:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мұнай бағасының құлдырауынан ұлттық валютасы зардап шеккен елдер
​Мұнай бағасы күн сайын төмендеп барады. Бүгінгі мәлімет бойынша Brent (ICE.Brent) баррелі 38,02 доллардан сатылуда. 1 апта бұрын 9 желтоқсандағы баға 40,29 доллар болған еді. Апта бойы мұнай бағасы тек құлдыраумен болды. Бұл экономикасы шикізатқа тәуелді елдер үшін қиындықты арттыруда. Бүгін АҚШ-тың орталық резервтік жүйесі мөлшерлемесін қайта қарайды. Егер мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылданса, валютасы құнсыздану үстіндегі дамушы елдер үшін тағы бір соққы болады. Ресеймен қырғи-қабақ жағдайда отырған АҚШ бұл қадамға баруы әбден мүмкін. Бұл туралы бүгін шолу әзірлеп, ұсынамыз. Әзірге мұнай бағасының құлдырауынан ұлттық валютасы зардап шеккен елдердің жетілігі туралы таныс болыңыздар. Бұл туралы 7kun.kz сайты хабарлайды.



Ангола

ЖІӨ-дегі мұнай экспортының таза үлесі (2010-2013):57,6%.
2014 жылдың 19 шілдесінен бері валютаның құлдырауы: 57,6% (Bloomberg)
Мұнай өндірісінің көлемі бойынша Ангола Нигериядан кейінгі орында (тәулігіне 1,65 мн баррель). Соңғы 5 жылда жергілікті валюта кванзаның курсы 90-100 доллар көлемінде болып, 2014 жылдың жазынан бері құлдырай бастады. Нәтижесінде 2015 жылдың 5 маусымында анголдық реттеуіш валюта девальвациясын жүргізді. Доллар кванзаға қатысты 110,5-тен 116,9-ға дейін көтерілді. Валюта курсы әлі де төмендеп жатыр. 20 тамызда АҚШ долларына қатысты кванза курсы 125 болды.

Ливия
ЖІӨ-дегі мұнай экспортының таза үлесі (2010-2013):45,9%.
2014 жылдың 19 шілдесінен бері валютаның құлдырауы: 9,8% (Bloomberg)
2014 жылдың шілдесіндегі мұнай дағдарысынан бері ливиялық динар АҚШ долларына қатысты 10  пайызға арзандады. Қаңтарда жергілікті валюта курсының күрт құлдырауы бірнеше күн жалғасты. Динардың құнсыздануына Ливияға «Ислам мемлекеті» жауынгерлерінің кіруі және олардың кен орындары мен мұнай құбырларын басып алу қаупі себеп болды. Сондай-ақ, осы күндері Бенғазыдағы атыс кезінде Орталық банктың маңыздылығы жөнінен екінші бөлімшесі зардап шегіп, Триполиде ДАИШ террористері қымбат қонақүйлердің бірін басып алуға тырысты.

Нигерия
ЖІӨ-дегі мұнай экспортының таза үлесі (2010-2013): 33%.
2014 жылдың 19 шілдесінен бері валютаның құлдырауы: 18,1% (Bloomberg)
Нигерияда Африкадағы ірі мұнай өндіруші болып табылады. ОПЕК-тің мәліметінше, елде тәулік сайын 1,8 млн баррельден астам қара алтын өндіріледі. Нигериялық найра құлдырауын 2014 жылдың қарашасында бастады. Ақпанның ортасында Нигерия валютасы АҚШ долларына қатысты төрттен бір бөлікке әлсіреді, бірақ кейінірек курс қалпына келді.

Қазақстан 

ЖІӨ-дегі мұнай экспортының таза үлесі (2010-2013): 26,6%.
2014 жылдың 19 шілдесінен бері валютаның құлдырауы: 18,1% (Bloomberg) 
Мұнай дағдарысы басталғалы бері қазақстандық реттеуіш ұлттық валюта курсын қатаң ретке келтіріп, долларға қатысты 180 теңге деңгейінен асырмауға тырысып отырды. 2015 жылдың жазында мұнай бағасының екінші рет төмендеуі теңге курсына барынша қатты қысым түсіріп, 20 тамызда Ұлттық банк еркін айналымға көшуге мәжбүр болды. Валюта құны 30 пайызға арзандап, доллар курсы 250 теңге деген деңгейге жетті. Теңгенің құнсыздануы елде әлі жалғасуда. Желтоқсанның 15-де айырбастау пункттерінде доллар 340 теңгеден сатылуда.

Алжир
ЖІӨ-дегі мұнай экспортының таза үлесі (2010-2013): 19,7%.
2014 жылдың 19 шілдесінен бері валютаның құлдырауы: 24,6% (Bloomberg) 
Алдыңғы 3 ел тәрізді Алжир де ОПЕК-тің мүшесі. Тәулігіне 1,2 млн баррель мұнай өндіріледі. Мұнаймен сауда елдің экспорт табысының 70 пайызын құрайды. 2015 жылдың қаңтарында BMI Research сарапшылары мұнай бағасының төмендеуі Алжирдың сауда балансына және ұлттық валюта курсына кері әсер етеді деп ескерткен еді. Мамандар 2015 жылы АҚШ долларына қатысты орташа курс 95 динар болады деп болжады. Қазіргі кезде жергілікті валюта доллар қатысты 91 динарға дейін төмендеп, қазіргі курс 105 динарды құрайды.

Ресей
ЖІӨ-дегі мұнай экспортының таза үлесі (2010-2013): 13,4%.
2014 жылдың 19 шілдесінен бері валютаның құлдырауы: 48,9% (Bloomberg) 
Мұнай бағасының төмендеуінен бөлек ресейлік рубльге тағы бірнеше фактор әсер етуде. Олар: Украинадағы қақтығыс, дамушы елдердегі капиталдың кетуі және Батыс санкциялары. Соңғы шара ресейлік экономикаға қатты әсер етіп, ірі ресейлік фирмаларға шетелдік капитал нарығына баратын жол жабылды.

Норвегия

ЖІӨ-дегі мұнай экспортының таза үлесі (2010-2013): 11,6%.
2014 жылдың 19 шілдесінен бері валютаның құлдырауы: 25,8% (Bloomberg) 
2014 жылдың қорытындысы бойынша, норвегиялық экспорттағы мұнай мен газ үлесі 46 пайызды құрады. Норвегия қаржы министрлігінің ресми мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш 2000 жылдан бері 40 пайыздан әлі төмен түсіп көрген емес. Норвегиялық кронның АҚШ долларына қатысты құны мұнай бағасының динамикасына байланысты. 2014 жылдың тамызы мен 2015 жылдың наурызы аралығында крон құны 6-дан 8,3 долларға дейін төмендеді. Кейінірек мамырда ол 7,3-ке көтеріліп, 20 тамыздың кешінде доллар бағамы 8,27 крон деп белгіленді.
нравится:    800
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии