19 Август
22:39
Астана: 15 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
8 мамыр 12:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мұнайдың әлемдік бағасы сұраныстың артуы күтілуіне орай өсіп келеді
Мұнайдың әлемдік бағасы сұраныстың артуы күтілуіне орай оң серпінді көрсетуде, бұған сауда-саттық мәліметтері айғақ, деп хабарлады РИА Новости.Сейсенбі күні кештегі жағдай бойынша  Brent маркалы солтүстіктеңіздік қоспаға маусым айы фьючерстерінің құны 2,35 пайызға өсіп, баррелі 68,05 долларды құрады. WTI мұнайына маусым фьючерстері 3,09 пайызға көтеріліп, баррелі 60,75 долларға жетті.


«Бұған ірі мұнай экспорттаушы Сауд Арабиясында Еуропа мен Солтүстік Америкадағы клиенттер үшін бағаның өсуі себеп болды. Сірә, бұл аймақтарда мұнайға сұраныс күткендегіден күштірек болған тәрізді», - деп мәлімдеді Франс Пресс агенттігіне Forex.comи талдамашысы Фавад Разакзада (Fawad Razaqzada).
Saudi Arabian Oil Co. (Aramco) мемлекеттік мұнай компаниясы солтүстік-батыс Еуропа клиенттеріне Arab Light мұнай қоспасын сатудың маусым айына баррелінің бағасын мамырдағы бағаға қарағанда 1,3 долларға ұлғайтты. АҚШ үшін маусымға мұнай бағасы мамырмен салыстырғанда 20 центке артты.
Сарапшы доллардың әлсіреуі доллармен сатылатын кейбір шикізат тауарларына қолдау болды. Мәселен, мәскеу уақытымен сағат 20:05-те доллар индексі (АҚШ-тың негізгі сауда әріптестерінде - алты елдің валюта қоржынының долларлық бағамы) 0,51 пайызға - 94,96 пунктке дейін төмендеді.
Сонымен қатар Ливиядағы Zueitina терминалының жабылуы туралы хабарлама мұнай бағасына қолдау көрсетуде.  Zueitina - басқа көптеген терминалдар соғыс қимылдарының салдарынан жабылған кезде мұнай жөнелтуді жалғастырып жатқан аздаған ливиялық порттардың бірі болатын. 

Дереккөзі: ҚазАқпарат
 
 
нравится:    637
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии