Экономика
23 ақпан 17:20
Мұнайдың бағасы көтерілді


Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 34,77 долларға қымбаттады. Бұл туралы interfax.kz хабарлайды.

«Мұнайдың баға белгіленімі Ресей мен ОПЕК елдері арасындағы қара алтын деңгейін қалыпты ұстап тұру туралы келісімнен кейін бірден көтерілді», -делінген агенттік хабарламасында.

Сәуір айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы лондондық ICE Futures биржасында 1,76 долларға қымбаттап(5,33%), барреліне 34,77 долларды құрады.

Ал WTI-дің наурыз айына арналған бағасы Нью-Йорк тауарлық биржасында (NYMEX) 2,06 долларға қымбаттап(6,95%), барреліне 31,70 доллар болды.

Айта кетейік, мұнай деңгейін қалыпты ұстап туралы жалпы келіссөздер 1 наурызда аяқталуы мүмкін.

Комментарии




Яндекс.Метрика