|    |  
14 қазан 2019
11:00
қаз
«Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмі жарыққа шықты
29 тамыз 2017, 14:24 40


29 қыркүйек күні режиссер Нияз Әбдіғапардың «Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмі айналымға шығады. Кинотаспа былтырғы күзде комедиялық драма жанрында түсірілген, деп хабарлайды Brod.kz.

Фильмдегі ағайынды Арман мен Арсеннің рөлін Мұрат Бисенбин мен Нұрлан Батыров сомдады.

“Комедия жанры мен үшін жаңалық болды. Менің ерекше образымды көргендер таңғалатын шығар. Фильмнің сюжеті бойынша 30 жастан асқан ағайынды жігіттердің бойдақ жүргендеріне ата-аналары алаңдайды. Бір күні әкелері «үйленебесеңдер мұрасыз қаласыңдар» деп шарт қояды. Сол кезден бастап Арман мен Арсен әрекетке көшеді. Мен сомдайтын кейіпкердің түрі сұсты болып көрінгенімен, әзілге жақын”,-деп түсіндірді актер Мұрат Бисенбин.

“Мұрагерлікке қалған махаббат” – Нұрлан Батыровтың комедиядағы дебюті.

Фильмде Альбина Оганесян, Мөлдір Мекенбаева және Эдуард Табишев те ойнайды.

Еске сала кетсек, «Мұрагерлікке қалған махаббаттан» кейін актер Нияз Әбдіғапардың «Саяхатшы» атты басқа картинасына түскен.


Дереккөзі: https://Brod.kz

 


Жаңалықтар