24 Сентябрь
23:38
Астана: -3 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Мәдениет
10 ақпан 12:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мұрат Қожа жас келіншегімен бірге тұратынын сынаған халыққа өз жауабын берді

Кезінде өзіндік тыңдармандары болған “Нұрлан мен Мұрат” тобы сахнаға қайта оралып, Тұрсынбек Қабатовтың “Әзіл әлемі” театрында өнер көрсеткен болатын. Осыны ескеріп, топтың алдағы жоспарлары туралы сұрауды жөн көрдік.

Мұрат Қожа жоспарлары туралы сұраған алғашқы сауалымызға: “Сахнаға қайта оралсақ та, әзірге жаңалығымыз жоқ. Тек баяғы хит әндерімізді қайта қалпына келтіріп жатырмыз. Осы жұмыстарды бітірген соң жаңа ән жазармыз”, – деп қысқа қайырды. Бұдан өзге осы уақытқа дейін тек өнер саласында жүріп, Каспий тобының құрылуына көп мән бергендігін айтты. Әнші бұл топта 8 жыл өнер көрсеткен болатын.

Әншінің Инстаграм парақшасына жас жұбайымен бірге түскен суреттеріне көпшілік сын айтып, бұл әрекетін түсінбеген еді. Бұл туралы өзінен сұрағанымызда: “Аузым бар деп айта беретін жандарға айтатын әңгіме бөлек қой. Әркімнің өз жеке өмірі, тірлігі бар. Оның үстіне, ол жас қыз дейтіндей жас емес, менің келіншегім. Отасқанымызға бір жылдан асты”, – деп көпшіліктің алып-қашпа сөздеріне мән бере бермейтіндігін көрсетті.

Stan.kz 
нравится:    2461
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии