12 Декабрь
02:58
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Мәдениет
23 маусым 15:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мұрат Мұтырғанов әке атанды
Белгілі шоумен, цирк әртісі, Қазақстан Республикасының ең жас еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұтырғановтың тұңғыш баласы дүниеге келді. Жұбайы Алеся 22 маусымда Алматыдағы перзентханалардың бірінде босанған кезде Мұрат Мұтырғанов оның жанында болған. Естеріңізге сала кетейік, әртіс бұған дейін әке болуды армандайтынын бірнеше рет айтқан болатын.

Мұрат Мұтырғанов былтыр тамыз айында Алматыдағы кинотеатрлардың бірінің экраны арқылы сүйгеніне үйлену туралы ұсыныс жасаған болатын. Осылайша, жарнама агенттігінде қызмет атқаратын Алеся Тимошенко өткен жылы 1 қыркүйекте Мұратқа тұрмысқа шыққан болатын. Негізі жастар 2014 жылы ақпанда ортақ достары арқылы танысқан және Алеся қызмет ететін жарнама агенттігі дәл қазіргі уақытта Мұрат басқаратын Алматы жануарлар саябағын жарнамалаумен айналысқан. 




Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    1172
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии