Әлем жаңалықтары
16 маусым 10:55
Мұсылман қызы Эвересті бағындырды
Мұсылман қызы Эвересті бағындырды


Пәкістандық Самина Бейг әйгілі Эверест шыңын бағындырған алғашқы мұсылман қызы аталды. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.
24 жасар Самина әлемнің ең биік нүктесін әйелдердің де бағындыра алатынын көрсеткісі келген екен. Арманына қол жеткізген ол шың басына өз елінің туын мақтанышпен қадағанын айтады.
Сондай-ақ, оның бұл қатерлі сапары шариғат талаптарына толықтай сай жасалған. Альпинист қыздың сапарлас серігі ретінде өзге емес, туған ағасы Мырза Әли аттанған.
«Сол сәттегі сезімді суреттеп жеткізу мүмкін емес. Мен өзімнің ағаммен бірге шың басына әйелдердің әлсіз емес екенін, қажет жағдайда нәзіктігін қайсарлыққа айырбастай алатынын дәлелдеуге шықтым. Сапарымыздың басты мақсаты да осы болатын», – дейді Самина.
Таудың ұшар басына жетуге аз ғана қалғанда, Мырза Әли қарындасын ары қарай жалғыз жіберген көрінеді. Бұлайша ол шыңды бағындырған алғашқы мұсылман қызы деген атақтың ертеңгі күні ешбір даусыз болуын ойлаған болса керек.

Дереккөзі: BAQ.KZ

 

Комментарии




Яндекс.Метрика