21 Август
16:01
Астана: 24 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
22 сәуір 17:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мұсылман қызы қайықты жағаға сүйреп жеткізді

Юсра Мардина есімді 18 жасар сириялық босқын қыз моторы сынған қайықпен Эгей теңізінің ортасынан аман шықты. Қысылтаяң жағдайға онымен бірге Сара есімді сіңлісі мен 18 босқын қалыпты. 

Юсра сіңлісі екеуі кәсіби жүзу спортымен айналысқан. Сондықтан, қайсарлы қыздар жігерлерін жанып, теңіз үстінде арпалысып, сынған қайықты сүйреп, құрлыққа жетуге жанын салады. Қыздарға босқындардың бірі жәрдемші болды. Олар осылайша үшеулеп жүріп қайық толы босқындарды Грекияның Лесбос жағалауына жеткізеді.

Журналистерге берген сұхбатында қыздар өздері мінген қайықты құрдымға кетіруге намыстары жібермегенін айтты. Кәсіби жүзуші болғандықтан олар болашақта Сирия құрама командасын олимпиада шыңынан көрсетуді армандайтынын да жеткізді.

Мұсылман қыздарының қайсарлығы бүкіл Еуропаны таңқалдырды. Сириялық қыздардан батыс ақпарат құралдары сұхбаттар алып, әлеуметтік желіде көптеген адамдар жылы лебіздерін арнауда.

Қазіргі уақытта апалы-сіңлілі қыздар 43 босқын-спортшылар тізімінде. Соңғы іріктеуден соң Рио де Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысушы команда құрылмақ. Спортшы қыздар отбасымен бірге Германияда тұрып жатыр. Алайда, олар өз Отанын, Сирияны сағынатынын, оралғысы келетінін мәлім етті. 

​Baq.kz 
нравится:    929
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии