27 Сентябрь
02:05
Астана: -1 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 339.68
EUR/KZT: 401.13
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.26
Әлем жаңалықтары
16 шілде 12:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Мұсылман өнертапқыштары әлемге не сыйлады?
Мұсылман өнертапқыштары әлемге не сыйлады?


Мұсылмандар жайлы біржақты пікірлер мен жақтырмаушылық қарым-қатынасқа қарамастан, олар әлемге көп нәрсе берді. Бүгінде кофе ішіп отырғанымыз және мейрамханада үш түрлі тағамнан түскі ас ішіп, кейін ғана чек арқылы төлем жасайтынымыз дәл осы мұсылмандардың арқасы. Өнертапқыш ислам әлемі бізге тағы не сыйлады?

 1. Кофе
Аңызға сәйкес, араб Халид оңтүстік Эфиопия аймағындағы Қаффада қойларын бағып жүріп, қойларының нақты бір жидектерді жегенде белсенді болып кететінін байқаған.  Соларды жинап алып, Халид алғашқы кофені қайнатады.
Дәндерді сыртқа шығару жайлы ақпараттар кофені Эфиопиядан Йеменге экспорттауға қатысты болды. 15 ғасырдың өзінде оны Меккеге және Түркияға апарған, сол жақтан кофе 1645 жылы Венецияға жеткен. Англияға дәндерді түрік Паскуа Роси (Pasqua Rosee) 1650 жылы әкелген және лондондық Ломбард көшесінде алғашқы кофейняны ашады. «Кофе» сөзінің жолы біршама ұзын: арабша “qahwa” түрікше “kahve”-ге айналды. Итальяндықтар оны “caff?” деп қабылдап, ағылшындарда “coffee” сөзі пайда болды, ал орысша — “кофе” болды.

 2. Камера
Ежелгі гректер көздердің жарық бөлетініне және адамдар сол арқылы көре алатынына сенген. Шын мәнінде, жарықтың көзге түсетіні жайлы 10 ғасырда өмір сүрген мұсылман математик, астроном және физик Ибн әл-Хайсам (Ibn al-Haitham) айтқан. Қақпақ саңылаулары арқылы жарықтың енуін бақылаған ол, саңылау кіші болған сайын сурет барынша жақсы көрінетінін байқаған, осылайша алғашқы обскур-камерасын ойлап тапты (“qamara” арабшадан аударғанда “қараңғы немесе бөлек бөлме” дегенді білдіреді). Сонымен қатар әл-Хайсам бірінші болып физиканы философия ғылымынан тәжірибеге ауыстырған деп есептеледі.

 3. Шахматтар
Шахматты сонау ежелгі үнділер ойнаған, бірақ ойын бүгінгі біз білетін ойыннан әлдеқайда өзгеше болған. Заманауи нұсқасы Парсыда пайда болып, сол жақтан Еуропаның батысына таралған: 10 ғасырда Испанияға ойын маврлармен келген.

4. Парашют
Ағайынды Райттарға дейін мыңдаған жылдар бұрын ұшатын аппарат ойлап табу идеясы мұсылман ақыны, астроном және инженері Аббас ибн Фирнастың (Abbas ibn Firnas) басына келеді. 852 жылы ол мешіттің төбесінен еркін желбірейтін плащқа ағаш тақтайшаларды жабыстырып секіреді. Фирнас құс сияқты қалықтап ұшамын деп ойлағанымен бұл ойы іске аспайды. Плащ ғалымның құлауын біршама баяулатқаны болмаса, толыққанды парашюттің міндетін атқара алмады. Осылайша ғалым кішкене қорқыныш пен болмашы жарақатпен құтылды. 70 жасында аппаратын жетілдірген Фирнас бұл жолы таудан секіруді жөн көреді. Ол ауада 10 минут қалықтап тұрады, бірақ нәтижесінде сәтсіз құлап, бақилық болады: бар мәселе аппаратқа құйрық жасамауында еді.

5. Сабын мен су сабын
Күнделікті жуыну – исламның басты шарттарының бірі. Сондықтан болар мұсылмандар сабынды барынша жетілдіруге тырысты. Сабынға ұқсас жуу құралдары ежелгі мысырлықтарда, римдіктерде болғаны мәлім, бірақ дәл арабтар өсімдік майларын натрий гидроксиді және иістендіргіш заттармен араластыруды ойлап тапқан. Брайтонда бір мұсылман монша ашып, осылайша Англияда 1759 жылы сусабын пайда болды.

6. Заманауи химия
Жабир ибн Хайян (Jabir ibn Hayyan) – алхимияны химияға айналдырған ғалым. 9 ғасырда ол заманауи ғылымда әлі күнге дейін пайдаланылып келе жатқан процесстерді ашты: дистилдендіру, кристаллизациялау, еріту, рафинадтау, тотықтандыру, буландыру және фильтрлеу. Хайян күкірт қышқылы мен азот қышқылын ашты, және айыру аппаратын ойлап тапты. Соның арқасында әлемде алкогольдік ішімдіктер мен иіссуларға пайдаланылатын иістендіргіштер пайда болды.

7. Иінді білік
Ротациялық қимыл-қозғалысты сызықтыққа ауыстыратын құрылғы иінді білік деп аталады. Оны мұсылман инженері әл-Джазари (al-Jazari) ойлап тапты. Бұл механиканың ең маңызды өнертабыстарының бірі болып саналады. Бастапқыда суландыруда пайдаланылған бұл құрылғы бүгінде заманауи көліктердің негізгі жасаушы бөлігі саналады. Инженердің кітабынан оның вентильдер мен клапандарды ойлап тапқаны немесе жетілдіргені анық байқалады, алғаш болып механикалық сағатты жасаған. Әл -Джазариді робототехниканың әкесі деуге болады. Кодталатын құлып та оның өнертабысы.

8. Сүйір арка
Сүйір арка –еуропа готикалық соборларына тән сипат, бірақ мұндай аркалар идеясы мұсылман архитектурасынан алынған. Ол римдіктер мен нормандар пайдаланатын жарты шеңбер аркадан мықтырақ болған, және сәйкесінше, одан да биік, құрылысы күрделі ғимараттар салуға мүмкіндік берген. Сонымен қатар еуропалықтар мұсылмандардан ойлы-қырлы күмбездер мен дөңгелек терезе-розеткалар құрылысының идеясын алған. Еуропалық қамалдар атыс ойығымен, жақтауларымен, барбакан және төртбұрыш мұнараларымен мұсылман қамалдарына ұқсап қалды. Мысалы, Генрих V қамалының архитекторы мұсылман болған.

9. Хирургиялық құралдар
Скальпельдерді қосқанда, медициналық аралар, қысқаштар, жіңішке қайшылар, жалпы көптеген заманауи хирургиялық құралдар мұсылман хирург әз-Захрави (al-Zahrawi) ойлап тапқан қалпын әлі күнге дейін сақтауда. Сонымен қатар ол ішкі тігіске пайдаланылатын кетгут ағзада табиғи түрде сорылып кететінін және медициналық капсулаларда пайдалануға болатынын байқаған. 13 ғасырда, Уильям Гарвейге (William Harvey) дейін 300 жыл бұрын, мұсылман дәрігері Ибн Нафис (Ibn Nafis) қан айналу процесін сипаттап берген. Мұсылман дәрігерлері анестетиктер мен катарактаны экстракциялауға арналған қуыс инені ойлап тапқан.

10. Жел диірмені
Жел диірменін арабтар 634 жылы ойлап тапқан және жүгеріні ұнтақтау мен сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланған. Араб шөлдерінде жалғыз қуат көзі айлар бойы бір бағытта соғып тұратын жел болатын, және сол қайнаркөздің бар күшін пайдаланатын. Жел диірмендерінде матамен және пальма жапырақтарымен жабылған 6 немесе 12 қанат болатын. Еуропада алғашқы жел диірмендері тек 500 жылдан кейін пайда болды.

11. Екпе
Екпе жасату жайлы идеяны алғаш болып ұсынған Дженнер де, Пастер де емес, мұсылмандар. Еуропаға бұл техника Түркиядан 1724 жылы келген, осылайша Стамбұлда осы процедураға ағылшын елшісінің әйелі назар аударады. Түркияда балаларға шешекке қарсы екпені еуропалықтардан 50 жыл бұрын жасайтын болған.

12. Автоқалам
Алғашқы автоқаламды сұлтан үшін 953 жылы ойлап тапқан: басшы оның киімі мен қолын ластамайтын қалам талап еткен. Ол кездері сияның қаламұшына бару жүйесі дәл қазіргідей еді.

13. Белгілеу жүйесі
Әлемде қолданылып жүрген белгілеу жүйесі Үндістаннан шыққан болар, бірақ сандар пішіні – арабтікі, және ең алғаш жазба түрде мұсылман математиктері әл-Хоризми (al-Khwarizmi) мен әл-Киндидің (al-Kindi) жұмыстарында 825 жылы жарыққа шықты. «Алгебра» сөзінің түп атасыаль- Хоризмидің “Al-Jabr wa-al-Muqabilah” кітабының атауынан шыққан, сонымен қатар онда жазылған қағидаттар әлі күнге дейін пайдаланылып келеді. Алгоритмдер мен тригонометрияның кейбір теорияларымен қоса мұсылман математиктері жұмысының нәтижелері Еуропаға 300 жылдан кейін жетті. Әл -Кинди ашқан жиілік анализ заманауи криптографияның дамуына негіз болды.

14. Үш тағамнан тұратын түскі ас
Үш тағамнан тұратын түскі ас – сорпа, одан кейін желінетін ет немесе балық, оның артынан берілетін жемістер мен жаңғақтар концепциясын 9 ғасырда Кордобадан Иракқа әкелген Әли ибн Нафи (Ali ibn Nafi) болатын. Ол сонымен қатар тұрмыста хрусталь стақандарды пайдалануды енгізді (оны аталып өткен Аббас ибн Фирнас ойлап тапқан).

15. Кілемдер
Кілем ортағасырлық мұсылмандарда үйдің ажырамас бөлігі саналатын. Тоқымашылық техникасы жақсы дамыған еді, әрдайым жаңа бояулар пайда болып тұратын, тоқымашылардың өнері де соңғы орында емес етін. Еуропада еденді тоқыма төсенішпен жапқан, алайда үй жинаған кезде астына қоқым жиналып қала беретін. Сол себепті араб және парсы кілемдері әлі күнге дейін үлкен сұраныста.

16. Чек
Мұсылмандар болмаса чек дегеннің не екенін білмей өтетін едік. «Чек» сөзінің өзі арабтың «Саққ» сөзінен шыққан. Оның мағынасы тауарды жеткізген уақытта міндетті түрде төлеймін деген қолжазба. Чекке деген сұраныс ақшаны алыс қашықтыққа алып жүру қауіпті болғаннан туған. 9 ғасырдың өзінде мұсылман кәсіпкерлері бағдад банкілеріне жазылған чектерді Қытайда ақшаға ауыстырып ала алған.

17. Жер – дөңгелек
9 ғасырда көптеген мұсылман ғалымдары Жердің дөңгелек формада екеніне сенімді болған. Астроном Ибн Хазмның (IbnHazm) пікірі бойынша, «Күннің Жердің нақты бір нүктесіне әрқашан тік орналасуы»бұған дәлел бола алады. Бұл Галилей жаңалық ашқанға дейін 500 жыл бұрын айтылған. Мұсылман астрономдарының есептеуі нақты болғаны сонша, олар экватордың ұзындығын 40253,4 километр деп есептеп, 200 км-ге ғана қателесті.

18. Торпедалар мен ракеталар
Қытайлар селитрадан дәрі жасап, отшашу үшін пайдаланғанымен, арабтар оны калий селитрасымен тазалап әскери мақсатта қолдануды ойлап тапты. Мұсылмандар осы қарумен кресшілерді қорқыта алды. 15 ғасырға дейін олар «өздігімен қозғалатын және жанатын жұмыртқа» деп атаған ракеталарын, торпедоны және өздігімен қозғалатын ұшында садағы бар алмұрт тәріздес бомбаны жасап шығарды. Соңғысын олар жау кемелерін жару үшін пайдаланды.

19. Бақтар
Ортағасарлық Еуропада бақша болғанымен, арабтар бақты демалыс және тәфәккүр үшін қарастырды. Алғашқы корольдік бақтар 11 ғасырда мұсылмандық Испанияда пайда болды. Қалампыр мен қызғалдақтардың отаны да мұсылман елдері.

Дереккөзі:bilim-all.kz
нравится:    935
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии