11 Декабрь
23:21
Астана: -12 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Кербез
20 шілде 17:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мұсылмандар арасында сұлулық байқауы қалай өтеді?
Мұсылмандар арасында сұлулық байқауы өзге әлемдік байқаулардан ерекше өткізіледі. Мұнда шомылу киімдерінің орнын хиджаб, би мен дефиле орнын діндарлық, төрешілер орнын жетім балалар алмастырған. Бұл туралы featureshoot.com сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.



Финал жақындағанда қатысушылар екі апта бойы ертемен сәнденіп, әдемі киімдерін киіп жүреді.

Байқауға қатысушы мұсылман әйелдер арасында дәрігер, инженер, мұғалімдер бар. Байқау барысында олар Құраннан үзінділерді жатқа айтып, исламда рұқсат етілген-етілмеген ережелерді жақсы білуі тиіс.

“Әлемнің мұсылман аруы” (Miss World Muslimah) — жер шарындағы мұсылман әйелдер арасында жыл сайын Индонезия елінде өтетін сұлулық байқауы.

Белгілі сұлулық байқауларының ішінде бұл байқауда басты назар тән сұлулығына емес, жан сұлулығына аударылады. Қатысушы дінге берік, адамгершілігі жоғары, қоғам дамуына өз үлесін қоса білетін жан болуы тиіс.
Бұл байқау алғаш рет 2011 жылы тек Индонезия арулары үшін ұйымдастырылған болатын. Кейін әлемдік деңгейге шықты.

Іс-шараны Бүкіләлемдік мұсылмандар қоры ұйымдастырады. Байқаудан түскен қаржы әлемдегі қиын жағдайда жүрген мұсылмандарға көмекке жіберіледі. Соғыс, зілзала, тапшылық зардабын шеккендерге қайырымдылық жасалады.

1. Қатысушылар финал басталмас бұрын жүрек жалғауда (© Monique Jaques)



2. Тунис елінің аруы Фатма Бен Гуэфраке “Әлемнің мұсылман аруы — 2014″ атағын иеленді (© Monique Jaques)



Мұнда шомылу киімдерінің орнын хиджаб, би мен дефиле орнын діндарлық, төрешілер орнын жетім балалар алмастырған.

3. Жеңімпазға арналған тәж (© Monique Jaques)



“Біз осылайша балаларға өз сұлулығын байқату үшін жалаңаштану міндет емес екенін түсіндіруге тырысудамыз”, — дейді байқау ұйымдастырушысы Эка Шанти.
4. Қатысушылардың Индонезиядағы буддизм ғибадатханасы Боробудурға келген сәті (© Monique Jaques)



5. Байқауға қатысушы Элис Шолия үзіліс кезінде қарсыластарының көңілін көтеруде (© Monique Jaques)




Финалда арулардың исламға жақындығы, басқа қатысушыларға деген қарым-қатынасы, көркі есепке алынады.

6. Арулардың жанашырлық деңгейі қарттар үйінде тексерілуде (© Monique Jaques)




Байқауға қатысу үшін үміткер өтінішті толтырып, хиджаб, жетістіктері, қоғам жайлы эссе жазуы тиіс.

Бұдан өзге бұл байқауда өзі және отбасы жайлы виедотаныстыру, Құранды оқудағы сауаттылық, дарын, ораторлық шеберлік сынға салынады.




7. (© Monique Jaques)

Қатысушылар медициналық тексеріс пен психолгоиялық тесттен өтуі тиіс. Бұдан өзге қайырымдылыққа қатысты тапсырмалар беріледі. Мәселен байқауда аруларға $1000 ақша беріліп, оған жағдайы төмен әйелдерге сыйлық таңдау шарты қойылған болатын.




8. Қатысушылар мешітте (© Monique Jaques)

20 үміткердің ішінен 8-і таңдалынып, әр түрлі номинация бойынша марапатталады. Олардың ішіндегі 2 номинацияға лайықтыларды жетім балалар таңдайды. Байқаудың басты сыйлығы — Меккеге сапар.




9. Малайзиялық Нур Хаирунниса лифтіде (© Monique Jaques)



10. Дайындық алдында аруларға туфли таратылуда (© Monique Jaques)




11. Киімдерді өлшеу (© Monique Jaques)



12. Финалға дайындық. 2014 жылы байқау Индонезиядағы Джокьякартеде өтті. Фотода Назрин Али (© Monique Jaques)



13. Барлық туфлилер өз иелерін күтуде (© Monique Jaques)



14. Құран оқудан соңғы сабақ (© Monique Jaques)



15. Финалға дайындық. 2014 жылы байқау Индонезиядағы Джокьякартеде өтті. Фотода Назрин Али (© Monique Jaques)

Байқау бітті. Жеңімпаз – “Тунис аруы” Фатма Бен Гуэфраке (© Monique Jaques)

Төрешілері 100 жетім балалардан құралған байқауға қатысу үшін кей арулар жұмысын тастап келеді.

“Тунис аруы” жеңімпаз атанып, Меккеге сапар, алтын сағат, Оңтүстік Кореяға сапар, құны 10 000 долларлық алтын динар ұтып алды.


 
нравится:    1115
Теги: Сән әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Бекзат2015-09-02 17:28:48
    Байқаудың басты назарды « тән сұлулығына емес, жан сұлулығына » аударуы маған қатты ұнады. Үлгі болатын жобаның бірі екен