17 Декабрь
12:13
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
11 қараша 15:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

МУЗАРТ БАСТАҒАН КОМАНДА ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВТЫҢ ЖІГІТТЕРІМЕН САЙЫСҚА ТҮСПЕК

Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Астанада тұңғыш рет эстрада әншілері мен спорт жұлдыздары арасында фотболдан жарыс ұйымдастырмақ. «ALASH-Production» агенттігі 2015 жылдың 15 қарашасында «Астана-Арена» стадионында спорт және өнер жұлдыздары бір аренада кездесуін өткізеді.

Қазақстан эстрадасының жұлдыздарынан құралған «Алатау» футбол командасында елдің сүйікті әншілері  «МузАРТ», «Арай», «Нұр-МҰҚАСАН», «RinGO», «Mysterions» топтары және Жұбаныш Жексенұлы, Тәуекел Мүсілім, Нұржан Керменбаев, Мэлс Сағат, Ғаділбек Жанай өнер көрсетеді. Ал «Ұлы Дала Батырлары» команда құрамында ҚР Спорт қайраткері, КСРО-ның 7 дүркін чемпионы, Әлем чемпионы Дәулет Тұрлыханов бастаған, ел батырлары Ермахан Ибраимов, Ислам Байрамуков, Шалқар Жоламанов, Серік Сәпиев, Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Ұлан Рысқұл, Мұхит Тұрсынов  сияқты спорт саңлақтары бар.

Айта кетейік,  аталмыш іс-шара биылғы жылы ел абыройын асқақтатқан «Астана» футбол клубының чемпиондар лигасының финалдық бәсекесіне өтуі құрметіне арналады. Ендеше, әннен шашу шашатын эстарадамызда жүрген серілер мен спортта ел намысын қорған жүрген батырлар арасындағы бәсекеге сіз де  куә болуға асығыңыз!

Дереккөзі: baistars.kz
нравится:    632
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии