18 Декабрь
16:52
Астана: -10 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
3 маусым 09:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

МузАрт "МузТВ сыйлығы" шарасына қатыспайтын болды
Ағымдағы жылдың 5 маусымында жыл сайынғы «Муз ТВ» музыкалық премиясы беріледі. Биылғы ерекшелік – аталған марапаттау кеші Ресейде емес, Қазақстанның бас қаласы Астанада өтеді. Жеңімпаздар мен аталым иелері 7 маусым күні Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайында өнер көрсетеді деп жоспарлануда.




Бұған дейін 12 жыл бойы «МузТВ» премиясы Мәскеудегі «Олимпийский» спорт кешенінде өтетін. Бірақ, 2014 жылдың 15 желтоқсанында «МузТВ» телеарнасының директоры Арман Давлетьяров марапаттау кешінің Қазақстанда, Астанада өтетіндігін хабарлады.

Осы шараға қатысты бірқатар шоу-бизнес өкілдеріне хабарласқан едік. Олар өздерінің жағымды пікірлерін айтып, ұйымдастырушыларға сәттілік тілеген-ді. Бүгін журналист Алмас Алтайдың әлеуметтік желіде жеткізген «Датына» алғаш болып әнші Сәкен Майғазиев жауап қатты.
«Алмасжан, аман ба?!
Датың орынды. Сауалың салмақты. Жауап береміз, Қазақ үшін сөйлеуден тартынған кезім болған емес. Премияның өзіне әуелден қарсымын, Музарттың атынан айтайын, Біз БАРМАЙМЫЗ! Премиясы өзіне, ол Қазақтың Музартқа деген махаббатынан биік емес. Қазақтың мәдениетін, халықтық музыкасын, дәстүрлі әнін дәріптеу, міне, Бізге осы абырой!
Ойлаңызшы, «Гәкку» телеарнасы Бакуге, Тбилисиге, болмаса Варшаваға барып осындай шара жасай алар ма еді? Олар кіргізбейді. Аумақ, территория, әр халықтың өзіндік жеке мәдени кеңістігі деген нәрсе бар. Менің, Музарттың айтары мынау: Қазақтың жерінде өзгенің емес, Қазақтың мәдениеті өркендеуі тиіс!» ,- деді ол.

 Атақты премияның дайындық жұмыстары әлдеқашан басталып, жарнамасы жалпақ құртқа жарияланып үлгерді.

Дереккөзі: baistars.kz
нравится:    1055
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Рысалды2015-06-10 14:19:18
    Оте орынды айтылган. МузАрт алга. Тiкелей эфирде откен концерттi кордiк. Аншiлердiн сахнага киiп шыгатын киiмдерi жок сиякты. Жаланаш. Сахна мадениетiнен журдай. Бiздiн халык риза. Осы гой жанга бататыны. Окiнiштi.
  • Анар2015-06-25 18:38:29
    Мейрамбек неге шыкпай Кети?мен даусымды тек Мейрамбекке берем 100000бал берем!