22 Октябрь
03:25
Астана: 2 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Мәдениет
24 маусым 11:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Музарт» тобы елорданың туған күніне мерекелік концерт тарту етеді


Елорда күніне орай халық тағатсыз күтетін шаралардың бірі барша қазақстандықтардың сүйікті «Музарт» тобының концерті болмақ. Кеңінен танымал трио өз табынушыларын әдемі әндерімен 15 жылдан бері қуантып келеді, алдағы концерт те аталмыш мерейтойлық датаға орайластырылмақ, деп хабарлайды Астананың мәдениет басқармасы.

Әртістердің айтуынша, Астанада үлкен концерт өткізу - олардың көптен бергі арманы, елорда тұрғындары мен қонақтары да бұл оқиғаны тағатсыз күтуде. 8 шілдеде «Музарт» тобы «Қазақстан» ОКЗ-да екі рет концерт береді. Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев пен Кенжебек Жанәбілов өздерінің үздік әндерін дирижерлер Александр Беляковпен және Александр Абылаевпен, композитор әрі продюсер Ринат Ғайсинмен, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрімен орындайды.

 
нравится:    894
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии