26 Сентябрь
15:18
Астана: 7 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Әлем жаңалықтары
14 наурыз 16:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Музыка көзге қалай әсер етеді?


Қарашық көзге түскен жарық ағынының мөлшерімен кеңейе, тарыла отырып, жарықты оған енгізіп, адамға қоршаған ортаны көруіне жәрдем ететіні баяғыда дәлелденген.
Бірақ қарашық көлемінің өзгеруінің физикалық қана емес, сезім арқылы жүзеге асатын түрі бар. Түрлі жағдайда алған эмоциялар да көзге ықпал етеді. Қарашық көлемі ой әрекеті ауысқан кезде өзгереді. Алайда Вена университеті мен Инсбрук университетінің өкілдері жүргізген тәжірибе барысында қарашыққа музыка әсер ететіні анықталды. Әннің тыңдаушыға эмоциялық әсер ететіні белгілі. Зерттеу барысында, еріктілерге біраз музыкалық туындыларды тыңдау ұсынылды. Ғалымдар болжағандай, даңғаза әуендерді тыңдағанда қарашық кеңейген. Адам өз өміріндегі маңызды оқиғаларына байланысты әуен үзіндісін тыңдаған сәтте қарашықтың серпіні күшейген. Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі үшін эксперимент уақытында музыканың эмоциялық жүктемесі талқыланды. Ал кейіннен қатысушылар композиция үзінділерін тыңдаған, сол уақытта олардың қарашықтарының мөлшері өлшенді.

Дереккөзі: "Ана тілі" газеті
нравится:    1047
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии