Әлем жаңалықтары
24 маусым 12:12
Мысық алдындағы тамаққа тиіспей, ауызашарды күткен (ФОТО)
Мекке мешіттерінің бірінде ақшам намазы уақытында мұсылмандармен бірге ауызашар уақытын күткен мысықтың бұл қылығы барша жұрттың таңданысын тудырды, деп хабарлады www.muslim.kz.



Мешітте жайылған дастархан басында алдындағы тамаққа тиіспей, мұсылмандармен бірге ауызашар уақытын күтіп отырған мысық жайлы фото әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, қаралым саны шарықтап кеткен.
Ахмет әл-Жаухари есімді азамат: «Мысықтың өзі ораза ұстаған адамдарды сыйлап, солармен бірге ауыз ашуды күтіп отыр. Мысықтың бойында ерекше қасиеті болса керек», - деген пікір қалдырған.
«Өте сирек кездесетін жағдай. Мысық мұсылмандармен бірге бір дастарханда отыр. Бір қызығы, алдында тұрған тағамды түртпей, ауыз ашар уақытын күтіп отырғаны таң қалдырады. Мұндай қасиетnі Алланың өзі беріп отыр», - деп жазған екен Азайи Бұхари есімді қолданушы.
 

Комментарии




Яндекс.Метрика