|    |  
16 желтоқсан 2018
06:30
қаз
Мысықтан қорыққан аю ағашқа өрмелеп құтылды
12 қазан, 10:09 56



Желіде сарғыш түсті үй мысығы жабайы аюды қорқытып, оның ағаш басына өрмелеп құтылғаны туралы видео кеңінен таралуда, деп хабарлайды «Ридус»

Видеодан аюдың айналасын зерттеп жүрген сәтін, осы кезде оның қимылдарын мысық жіті бақылап отырғанын анық көруге болады. Сәлден кейін мысық аяқтарын ақырын басып, аюға жақын барады да, айбат шегіп оған тап береді. Кенеттен пайда болған бөтен жануардан қатты қорыққан аю бірден ағаш басына өрмелеп кетеді.

Алайда аю өзінің қимылдарын жіті бақылап отырған мысықтан оңайлықпен қашып құтыла алмаған. Ол бір ағаштан жерге енді түсе берген сәтте мысық оған қайта шабуылдап, аюдың келесі ағашқа өрмелеп кетуіне тура келген. 



Жаңалықтар