|    |  
26 наурыз 2019
01:04
қаз
Мысықты жұмыстан қуған басшының өзі қызметінен босады
13 наурыз 2019, 17:13 50
2016 жылы желіде Браузер атты мысыққа қатысты жаңалық шықты. Ол мысық Уайт Сетлемент (Техас штаты, АҚШ) кітапханасында өмір сүрген.



Қалалық кеңес бұл жануарды кітапханаға кіргізбеу туралы шешім шығарған. Бірақ қала әкімі мен жергілікті тұрғындар бұл шешімге қарсылық білдірген. Себебі олар мысықты кітапхананың символы санайды. Мысықтың жұмыстан қуылғаны туралы жаңалық бүкіл әлемге тарап кеткен. Халықаралық жанжалдан кейін қалалық кеңес шешімді өзгертіп, мысықтың кітапханада қалуына рұқсат еткен. Мысықты қуу туралы мәселені көтерген қалалық кеңес мүшесі де жұмысынан босатылған.
 
Дереккөз: Сегодня
 


Жаңалықтар