19 Август
22:32
Астана: 15 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
2 ақпан 14:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мысырда ежелгі кеме сынықтары табылды


Чехия  археологтары Мысырда Каирден оңтүстікке қарай Abousir пирамидасы қорымынан 4500 жыл бұрынғы ежелгі кемені тапты.
Мысыр ежелгі мәдени мұра ескерткіштері министрлігінің мәлімдемесінде ағаш кеме бай мысырлықтың мазарынан табылғанын жеткізді.
18 метрлік жәдігер 2015 жылы ежелгі мазарға жақын аумақты тазалау барысында табылды.  Мазар III басқарушы немесе IV перғауын династиясының басында өмір сүрген жоғары лауазымды тұлғаға тиесілі болған деген болжам бар. Ежелгі мысырлықтар үлкен мән берген кемені белгілі тұлғаның мазарына қойған.
Кеме бөліктерін байланыстыратын қанаттары жақсы сақталғанын атап өткен жөн.
Ғалымдар пирамидасы кешенінде басқа да ежелгі кеме болуы мүмкін деп болжайды, деп жазады шетелдік БАҚ. 
нравится:    752
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии