Әлем жаңалықтары
4 қыркүйек 14:02
Мысырлық миллиардер босқындарға арнап бір аралды сатып алмақ
Мысырлық  миллиардер Нагиб Савирис Италия мен Грекияның билік басшыларынан босқындарға арнап бір аралды сатып алғысы келетінін айтты. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазған.



Ал батыстың бұқаралық ақпарат құралдары Савиристің байлығы 3,1 миллиард долларға бағаланғанын және  Савиристің Жерорта теңізінде 10-100 миллион доллар аралығында бір аралды сатып алуға мүмкіндігі бар екенін жазады. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Грекия немесе Италия, өз аралдарыңыздың бірін сатыңыздаршы. Мен оны тәуелсіз етіп жариялап, босқындарды қабылдаймын, жұмыспен қамтимын. Онда олар өздерінің жаңа отанын салады", - деп жазды Савирис. 
2015 жылдың басынан бері Еуроодаққа 340 мыңнан аса босқын ауып келген. Бұған дейін Еуропалық одақ одаққа мүше елдердің әрқайсысына Грекия мен Италияға келіп үлгерген босқындарды 40 мыңнан үлестіруге шешім қабылдаған болатын. Оның үстіне қосымша 20 мың босқынды үшінші елдерден әкелуге мүмкіндік туған. 

Дереккөзі: qamshy.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика