24 Сентябрь
10:50
Астана: 1 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Экономика
22 мамыр 15:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Н.Назарбаев: Қазақстан жолдар мен желілер салуға $14 млрд астам қаражат бағыттайды
Алдағы 3 жылда жаңа жолдар, электр желілерін, коммуникациялар салуға 14 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы жұмсалады. Бұл туралы бүгін «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбындағы VIII Астана экономикалық форумының жалпы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.«Инфрақұрылым салу біздер үшін аса маңызды әрі мол инвестицияны талап етеді. Дегенмен, болашақ ұрпаққа қалатын мұра ретінде ғасырларға татырлық мәнге ие»,- деді Мемлекет басшысы. 


Елбасы өз сөзінде «ұлы депрессия жылдарында» Америкада 2 млн. шақырым жол, мектеп, аурухана және басқа да әлеуметтік нысандар салынғанын атап өтті. 

«Тек алдағы 3 жылдың ішінде ғана жаңа жолдар, электр желілерін, коммуникациялар салуға 14 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы жұмсалатын болады. Яғни, біз өзіміздің жер қойнауымыздан алынатын мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбалардың экспортынан түскен ақшаны ұлттық қорға жинадық. Енді әлемдік дағдарыс жағдайында контрциклдік саясатты жүргізудеміз», - деді ҚР Президенті. 

Мемлекет басшысы сырттан алынатын қаржының үштен бірін Қазақстанның серіктесі саналатын халықаралық қаржы институттары бөлгендігін атап өтті. 

«Біз оларға мұндай зор сенім білдіргендері үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Оларды ұятқа қалдырмауға тырысамыз», - деді Н.Назарбаев.
нравится:    701
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии