17 Август
11:52
Астана: 17 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
25 мамыр 12:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Н.Назарбаевтың мектеп бітіргенде сыныптастарымен бірге түскен фотосуреті жарияланды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының мектеп бітіргеніне биыл 58 жыл болды, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі Фейсбуктегі парақшасында. 

Бүгін еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау үні сыңғырлап, жасөспірімдер алтын ұясымен қоштасуда. Осыған орай, алпыс жылға жуық уақыт бұрынғы кезеңге ойша шегініс жасап, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оқушы кезінен естелік - 1958 жылғы фотосуретті ұсынып отырмыз. Бұл - Абай атындағы мектеп-интернаттың 21-ші түлектерінің суреті. Оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаевтың оң жағындағы бозбала - Нұрсұлтан Әбішұлы.

Оқушы Нұрсұлтан туралы оның ұстазы мен сыныптастары төмендегідей сыр шертеді:

Сейітхан Исаев, Н.Ә.Назарбаевтың ұстазы:
- Ол кезде бүкіл оқу процесі, сыныптан тыс жұмыстардың бәрі оқу ісінің меңгерушісіне жүктелетін. Өзіме қиын болғандықтан, маған пионер ұйымы мен комсомол ұйымының мүшелері көмектесетін. Ал ол ұйымдарды өзін тыңдата алатын, айтқанын орындата алатын шәкірт басқаратын. Сондай шәкірт Нұрсұлтан Әбішұлы болды.

Кеңес Байбосынов, Н.Ә.Назарбаевтың сыныптасы:
- Емтихан кезінде Нұрсұлтаннан көшірдік. Жасыратын несі бар? Бізде ол кезде барлық сабақтардан емтихан болатын. Сол кезде көмектесетін. Өзім шығара алмаған есепті, Нұрекең шығарса, неге көшірмеймін? Көшіремін!

Сайлаубек Қыдырәлиев, сыныптасы:
- Демалыс күндері би кештерінен қалмайтынбыз. Нұрсұлтан тамаша билейтін. Ол кезде кім жақсы оқиды, қыздар соған қарай жүгіретін еді ғой. Ал Нұрекең мектепті «алтын медальмен» бітіремін деп, сабақтан бас алмай отыратын. Оқуға зерек, баян, домбыра тартатын Нұрсұлтан Назарбаевқа қыздардың көбі ғашық болды.

Рая Ғарифқызы, сыныптасы: 
- Сол мектепте оқып жүрген кездерде-ақ Нұрсұлтанның көшбасшылық қасиеттері ерекшеленіп тұратын.
нравится:    3759
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии